«Меценат күйеуіміз жоқ». Кредит алатын адамдарды кінәлаған Динара Сәтжанның өзі сөзі естіді

Ол қаржылық сауаттылық туралы ойын ортаға салды.

Сабина Асқарқызы

  • 18.03.2025

Қазақстандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан несие алатын адамдарға кеңес айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Тұтынушылық несиелер – тұзақ. Менің шоу-румымда бөліп төлеу қарастырылмаған. Иә, бұл клиентке ыңғайлы, бірақ мен адамды қарызға батырғым келмейді.

Көйлекті кешке бір рет киесіз, ал оның қарызын жарты жыл төлейсіз. Бұдан бөлек онсыз да несиеге алынған iPhone, теледидар, жиһаз бар. Оған ипотеканы қосыңыз. Жалақысын алады. Несиеге таратады. Шоттағы ақша нөл.

Бүгінгі таңда бір қазақстандыққа орта есеппен 5 несиеден келеді. Банктерге төнетін қауіп жоқ, 100 адамның кемі 70-і міндетті түрде қарызын төлейді. Ал борышкерлермен арнайы ұйым айналысады, деді Сәтжан.

Тележүргізуші мұның бәрі қазақстандықтардың қаржылық сауатының төмендігін көрсетеді деп отыр.

Біздің қаржылық сауатсыз екеніміз – бұл факт. Біз ақша жинай алмаймыз. Бірақ біз несиелерді сенімді түрде аламыз.

Банктер мен МҚҰ, ең бастысы, ЖСН ғана қажет. Бұл бұрын несие алу қиын еді, миллион құжат пен кепілгерлер. Қазір бәрі оңай. Былтыр елімізде 36 млн тұтынушылық несие берілді. Шыны керек, қорқынышты статистика.

Несие алмас бұрын, бұл сіздің жүйкеңізге және денсаулығыңызға әсері туралы ойлаңыз. Жақсы және жаман жақтарын таразылаңыз және қарызға кіре беруді тоқтатыңыз, деп қосты ол.

Дегенмен Сәтжанның бұл сөздері оқырман тарапынан қолдау таппаған. Көпшілік несие алуға мұқтаж екенін жазған, себебі елдегі жалақы төмен, ал күнкөріс қымбат.

«Біздің меценат күйеуіміз жоқ», «Ешкім еріккен несие алмайды», «Аш бала тоқ баламен ойнамайды» деген рас», «Адамдар бөліп төлеуді пайдаланса, бұл қаржылық сауатсыздық екен, ал сіздің 5 млн теңгеге сөмке алатыныңыз қаржылық сауаттылықтың белгісі ме? Ақшаң болса, қалағаныңша еркелей аласың», деп жазды көпшілік.

Фото: instagram.com/dinarasatzhan

Байланысты жаналықтар

Қазақша керемет сөйлемесем де, отанымды жақсы көремін - Динара Сәтжан

26.03.2025

"Көйлек керек". Динара Сәтжан үйлену тойына дайындыққа кірісті

22.03.2025

Баян Алагөзованың шапан киіп түскен суреті қызу талқыланды

18.03.2025

«Мінсіз еркек». Динара Сәтжан жеке өміріне қатысты шындықты айтты

27.02.2025

Динара Сәтжан келіндік міндетін қалай атқарғанын көрсетті

24.02.2025

Алаяққа алданған Қайрат Нұртастың әйелі үйін қайтарып алатын болды

18.02.2025
MalimBlocks
Қазақша керемет сөйлемесем де, отанымды жақсы көремін - Динара Сәтжан

Тележүргізуші арманын айтып, ағынан жарылды

"Көйлек керек". Динара Сәтжан үйлену тойына дайындыққа кірісті

Баян Алагөзованың шапан киіп түскен суреті қызу талқыланды

Продюсер ұлттық киім күнімен құттықтады.

«Мінсіз еркек». Динара Сәтжан жеке өміріне қатысты шындықты айтты

Оның сөзінше, үйлену тойы болмайды.

Динара Сәтжан келіндік міндетін қалай атқарғанын көрсетті

Ол Сарығашта жүргенін айтқан.

Алаяққа алданған Қайрат Нұртастың әйелі үйін қайтарып алатын болды

Бұл туралы тележүргізуші Динара Сәтжан мәлім етті