«Миллиардтардың қайда кетіп жатқаны белгісіз». Айқын Төлепберген «Қазақстан авторлар қоғамын» сынады
Әнші бірлестіктің жұмысында шикілік көп екенін айтты

Әнші Айқын Төлепберген «Қазақстан авторлар қоғамы» әрістердің шығармашылығының арқасында қомақты табысқа кенеліп отқанын алға тартты, деп хабарлайды Malim.kz.
Өткен айдан бері Instagram әлеуметтік желісінде отандық әншілердің туындарын пайдалануға тыйым салынды. Оған Meta мен авторлық құқыққа ие адамдардың мүддесін қорғайтын республикалық «Қазақстан авторлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі арасындағы келісімнің тоқтауы себеп.
Төлепберген Қанат Бейсекеевке берген сұхбатында бұл ұйымның жұмысында шикілік көп екенін алға тартты.
«Қазақстан авторлар қоғамы» миллиардаған ақша тауып отыр, бірақ әртістер өз үлесін алып жатқан жоқ. Тіпті караоке-барлардың өзі қаншама қаражат береді, бірақ олардың қайда кетіп жатқаны белгісіз, - деді әнші.
Оның сөзінше, отандық өнер иелері тиын алады.
Енді Instagram-дағы музыканы шектеу арқылы өздері көбірек пайда тауып, бізді көк тиынсыз қалдырайын деп отыр. Олардың шоттарында миллиардтаған қаржы жатыр. Досымның караокесі бар, ол айына 500 мың теңге төлейді. Бірақ ол керек адаммен сөйлесіп, қолына 200 мың теңге ғана береді. Бәрі үшін жауап бере алмаймын, бірақ күмәнді дүние көп, - деді Айқын.
Фото: aikyn.kz