«Өлдім дей бер». Дариға Бадықова коучтарды тыңдайтын жастарға ақыл айтты
Актриса жастарды шаршамай, мақсатына ұмтылуға жігерлендірді
Танымал актриса Дариға Бадықова тренингтерден қалмайтын, коучтарға құлақ асатын жастарға жол көрсетті, деп хабарлайды Malim.kz.
Актриса жақында ғана "Таптым-ау сені 2" фильмінің түсірілімін аяқтаған. Енді қалған жұмыстарды аяқтау керегін, шаршауға уақыт жоқ екенін айтады.
"Жеңілдеп отырғанымыз-ай бір тірлікті бітіріп. Енді алда қырғын тірліктер бар. Шаршамау керек. Шаршасаңдар, демек мақсаттарың жоқ. Шаршауға болмайды мүлде. Тиктокта, әлеуметтік желіде неше түрлі тренингтерді тыңдайды ғой адамдар. Жеке шекара, шаршау, тағы бірдеме дегендер бар. Ешкімді тыңдамау керек. Жеке шекараң болса, бітті ол. Өлдім дей бер. Отырасың сол жеке шекараңмен. Не өзіңе ашпайсың, не басқаға ашпайсың", - деп актриса ешкімнің сөзін тыңдамауға шақырды.
Фото: әлеуметтік желі