«Таяқ жеп өстік». Сәкен Майғазиев ақсақалдар академиясы мен отбасы институтын нығайтуды ұсынды

Өнер иесі таяқ жеп өскені психологияға ешқандай кері әсер етпегенін айтады.

Сабина Асқарқызы

  • 02.08.2024

Танымал әнші Сәкен Майғазиев желіде бір немересін ұрып, екіншісін тербетіп отырған әжеге қатысты пікір білдіріп, қазақ қоғамындағы тәрбиеге қатысты көзқарас туралы сөз етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі бала күнінде таяқ жеп өскенін және оның психологияға ешқандай кері әсер етпегенін айтады.

“Әжеңнің түйіп қалғаны мен атаңның нұқып қалғаны, анаңның айқайы мен әкеңнің ашулы көзқарасы майдай жағатын кездер-ай! Мына бейнебаяннан махаббатты, шынайылықты, тәрбиені, тазалықты, жанашырлықты көрдім. "Жасөспірім жарақаты" (Детская травма) дегенді қырық жасыма келгенде психологтан естідім" деген екен бір кісі. Психологиялық жарақат алмай-ақ, мұғалімдерден (апай, ағай), аға, әпкелерімізден таяқ жеп өстік қой. 

Өнер иесі ұлт болып қалыптасу үшін құндылықтарға көңіл бөлу керек дейді.

"Ақсақалдар академиясы, отбасы институты, жазылмаған дала заңы, асыл дінімізбен астасып, сабақтасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-тыйым, үлкенге құрмет, кішіге ізет сынды құндылықтарды қайтару арқылы ұлт болып қаламыз деп ойлаймын.
Мына көріністің соңында бесіктегі балапанның әжесінің қолын сүйгені ерекше әсер етті. Қатты сүйсіндім. Міне нағыз махаббат! Әр әулетте атаның берген бұйрығы, әженің айтқан ақылы шеру құрсын! Жұма мүбәрак, жақсыларым!”, – деп жазды әнші. 

Фото: instagram.com/saken_maigaziyev

 

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

14.05.2025

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

13.05.2025

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

12.05.2025

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

09.05.2025
MalimBlocks
Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

Мeмлeкeт басшыларынан бастап, жeргiлiктi əкiмтайға дeйiн қазақша сөйлeмeсe, бұл тiлдe рeсми құжаттар жүргiзiлмeсe – oның нeсi мeмлeкeттiк тiл?! Басқа-басқа, Кoнституцияның өтiрiк айтқаны – өлгeнi ғoй. Нe бoлмаса, Кoнституция қағидасын oрындамай oтырғандар oңбаған. Eкiнiң бiрi. Мiнe, бұл əдiлeтсiздiккe нeгiздeлгeн қoғамның нышаны