Төреғали Төреәлінің қарындасы бір күнде 7 млн ақшаны қалай жаратып жібергенін айтты

Блогер кәсіп бастаймын деп 3 млн теңге қарызға кіргенін де жасырмады.

Сабина Асқарқызы

  • 16.08.2024

Отандық танымал блогер Дина Төреәлі бір аптада 7 млн теңгені құртып тастағанын айтты. Ол оқырмандарымен қаржылық сауат туралы әңгіме өрбітіп, өзінің қателігін мойындады, деп хабарлайды Malim.kz.

Дина Төреәлі қаржылық сауаты төмен болғандықтан ақшаны тиімді жарата білмегенін айтады.

"Маған сыйлыққа берген көлікті сатып жібергенмін. Содан түскен 7 млн теңгені бір аптада құртып тастадым. Негізі күліп айтатын нәрсе емес. Ол кезде жаспын. Қаржылық сауаттылық 0 болды. Осы жерде адамның жағдайы да маңызды ғой. Адам егерде 200 мың теңгені дұрыс басқара алмаса, оған миллиондар қайдан келсін", - деп жазды блогер Instagram-дағы парақшасында.

Сонымен қатар кәсіп бастаймын деген ол 3 млн теңге қарызға кіргенін атап өтті.

"Алға мақсат қойсам қайтпайтын әдетім бар. Тәуекел етуден қорықпаймын. Сол кезде де тәуекел етіп, балалар киімі дүкенін ашқанмын. Ағамның қыздарын модель етіп, суретке түсіретінмін. Бір қызықты естеліктер. Есіме түссе жүрегім жылып қалады. Өкінбеймін. Үлкен сабақ алдым. Сонымен бұл кәсібіме ойым да дайын болмаған. Бірден 3 млн теңгеге минусқа кеттім. Күйзеліске түсіп кетпеу үшін Аллаға тәуекел ете білуім құтқарды", - деді Дина Төреәлі.

Фото: әлеуметтік желі

Байланысты жаналықтар

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025

Нұрлан Еспановтың ұлы мешітте неке қидырды

06.05.2025
MalimBlocks
«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген

Нұрлан Еспановтың ұлы мешітте неке қидырды

Жас жұп бұл ерекше сәтке есте қалатын ерекше күнді арнайы таңдаған