Вьетнамда Нұрлан Қоянбаевтың «егізі» табылды

Вьетнамда автобус жүргізушісі болып жұмыс істейтін ер адам Қоянбаевқа ұқсайтын болып шықты

Сабина Асқарқызы

  • 29.01.2025

Желіде продюсер әрі тележүргізуші Нұрлан Қоянбаевқа ұқсайтын адамның видеосы кеңінен тарады, деп хабарлайды Malim.kz.

Вьетнамда автобус жүргізушісі болып жұмыс істейтін ер адамды желі қолданушылары продюсердің «егізі» деп атап кеткен.

Instagram-дағы Asospanov парақшасында жарияланған видео бірнеше күн ішінде 870 мыңнан астам қаралым жинады. Жазба авторы бұл адамның Вьетнамда автобус жүргізетінін айтып, әзіл ретінде оны Нұрлан Қоянбаевқа ұқсатқан.

Желі қолданушылары вьетнамдық азаматтың продюсерге қатты ұқсайтынын жарыса жазып, түрлі пікір білдірді:

«Вьетнамдағы қазақша бизнес» фильмі түсірілейін деп тұр ғой», «Нұрлан Қоянбаев бұл жігітті тауып алып, жаңа сценарий жазатын болды», «Тіпті тістеріне дейін ұқсайды», «Нұреке десек, жалт қарай ма?», деп жазды желі қолданушылары.

Видеоның кең таралғаны сонша, оны Нұрлан Қоянбаевтың өзі де көріп, Instagram-дағы парақшасын белгілеп кеткен.

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан алаяқ cотталды

13.05.2025

Қазақстан қай қаладағы әуежайды Вьетнамға беретіні белгілі болды

08.05.2025

Вьетнам Коммунистік партиясының бас хатшысы сәбидің тұсауын кесті

07.05.2025

Тоқаев пен То Лам Димаштың өнерін тамашалады

06.05.2025

Қазақстан мен Вьетнам басшылары не туралы сөйлесті?

06.05.2025

Вьетнамға жасаған сапардан үлкен әсермен оралдым - Тоқаев

05.05.2025
MalimBlocks