«Жан дүнием арзан нәрселерді менсінбеді»: Бадықова ойын ашық айтты

Ол арзан дүниені қаламайтынын айтады.

Сабина Асқарқызы

  • 17.06.2024

Қазақстандық танымал актриса Дариға Бадықованың әлеуметтік желідегі жазбасы тағы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

«Келінжан» сериалындағы Айсара рөлімен көпшіліктің көңілінен шығып, соңғы кездері өзі де кино түсіріп жүрген Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында қымбат брендтерден сағат, киім алатынын жиі көрсетеді. Актриса арзан нәрсені менсінбейтінін айтады.

Менің табиғатым кербездікті қалайды. Ашық-шашық киім, арзан шаш, сырға дегендерді қаламайды екен. Кеше қызық жағдай болды. Жан дүнием арзан нәрселерді менсінбеді. Менсінбеймін, болды деді. Бұл менің менсінбейтін табиғатым. Психологтар, қайдасыздар? – деді ол.

Актриса жақында ғана «Таптым-ау сені» киносынан түскен 2 млрд теңгені қайда жұмсағанын да айтқан. Ол өзін ақшаны шашып жүретін адам екенін тілге тиек еткен болатын.

2 млрд теңгенің тең жартысын 1 млрд теңгені Kinopark-қа бердім. Қалған 1 млрд теңге өзіме қалған жоқ. Пайызын «Sulpak» компаниясына бердім. Құрбыларым берген қарыздан құтылдым. Бәріне алғысымды айттым. Мен өзім шашып жүретін адаммын. Жан-жағыма бердім. Екінші киноға ақша алып қалдым. Өзіме пәтер сатып алдым. Еңбегім бар ғой. Оны да алмайтын едім. Барымен базар деп жүре беретін едім. Жылжымайтын мүлік болсын деген оймен алып қойдым. Көлік алмадым. Өз көлігім бар, - деген өнер иесі.

Фото: instagram.com/dariga_badykova

Байланысты жаналықтар

«Ерлермен иіліп амандасу керек»: Алматылық қыздарға арналған жиын қызу талқыға түсті

06.05.2025

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

05.05.2025

Жұлдыз Әбдікәрімова алғаш рет гүлді кімнен алғанын айтты

29.04.2025

Айжұлдыз Адайбекова ұзатылды

25.04.2025

Он жасқа қартайған сияқтымын – Салтанат Бақаева

24.04.2025

Меруерт Түсіпбаева жаңа бейнесімен көпшілікті таңғалдырды

23.04.2025
MalimBlocks
«Ерлермен иіліп амандасу керек»: Алматылық қыздарға арналған жиын қызу талқыға түсті

Жиын барысында қыз баланың инабаттылығы, киімі мен жүріс-тұрысы туралы уағыз-насихат айтылған

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

Іс "Қорлау" бабы бойынша қаралып жатыр

Жұлдыз Әбдікәрімова алғаш рет гүлді кімнен алғанын айтты

Актрисаның жасы ол кезде 11-де болған.

Айжұлдыз Адайбекова ұзатылды

Актриса образымен ерекшеленді.

Он жасқа қартайған сияқтымын – Салтанат Бақаева

Актриса продюсерлікті қолға алған.

Меруерт Түсіпбаева жаңа бейнесімен көпшілікті таңғалдырды

Өнер иесі жаңа бейнебаян түсіргенін айтты