“Абай жолы” эпопеясының видеосаммариі жарық көрді

Malim Админ

  • 11.08.2020

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясының қысқаша мазмұнына видеосаммари жарық көрді. Видеожоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Massaget.kz сайтының YouTube-арнасында көрермен назарына ұсынылды.

"Абай жолының" қысқаша мазмұны әр тарау бойынша дайындалған. Төрт томдық эпопея барлығы 28 тараудан тұрады. Әр видеосаммаридің ұзақтығы – 12-15 минут. Видеосаммари – кітаптың негізгі идеясын, мазмұнын видео түрінде ұсыну.

"Өскелең ұрпаққа Абай жәдігерлерін насихаттап, оның еңбектеріндегі ізгі ойларды дарыту аса маңызды. Біздің бұл жобамыз көрермен көңілінен шығып, Абайды тануға себеп болады деп сенеміз", - дейді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.

Кішкентай көрермендердің назарын аудартып, картинаны қабылдау қабілетін арттыру үшін doodle анимация стилінде ұсынылды, дыбыстық фон қосылды. Massaget.kz сайтының арт-директоры әрі жоба жетекшісі – Ернар Алмабек, суретшісі – Томирис Есқали, дыбыстаған – Шамшаддин Омаров.

"Абай жолы" әр оқыған сайын өзгеше күйге бөлейтін эпопеялық роман. Шығарма мектеп бағдарламасына кіргенімен, оқушылар кейіпкерін көзге елестетіп, эмоция кешіп, мазмұнын есте сақтай бермейді. Тіпті ересек адамдардың өздері де романның авторын білумен ғана шектеледі. 

Абайдың туған күніне орай біз тілі де, мазмұны да күрделі шығарманың видеосаммариін дайындадық. Енді көрермен 28 тараудың мазмұнымен санаулы минуттарда таныса алады. Осылайша кітапқа деген қызығушылығы оянған олар күндердің бір күні том-томды парақтайды деген үмітіміз бар", - дейді жоба жетекшісі Ернар Алмабек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұн мәтініне шығарманың негізгі бөліктері таңдалып, жазушының тілі мен көркемдік құралдары сақталған. Шығарманың бірінші томындағы тараулар әр дүйсенбі сайын Massaget TV YouTube-арнасында жарияланып тұрады. Жобаның ақпараттық серіктесі – Alash Media Group медиахолдингі.

Абай күніне орай 10 тамызда І томның "Қайтқанда" тарауы көрермен назарына ұсынылды.

Байланысты жаналықтар

Последний звонок: почему не спит Гани Бейсембаев?

31.05.2023

Экибастузский скандал до Карабаева доведет

29.05.2023

«Ноғаев мырза, су қайда?». Ақтаулықтар сусыз отыр

29.05.2023

Реклама депутата Даулета Мукаева обернулась скандалом

25.05.2023

Маңғыстауда жемқорлардың арқасында 4 мектеп салынады

24.05.2023

Суы мол Текелінің тұрғындары ауыз суға жарымай отыр

23.05.2023
MalimBlocks
Последний звонок: почему не спит Гани Бейсембаев?

Родители школьников, недовольные увеличением учебного года до 31 мая, не дают покоя министру просвещения Гани Бейсембаеву. Круглые сутки его ведомство мониторит социальные сети, чтобы понять, что делать с переносом последнего звонка дальше.

Экибастузский скандал до Карабаева доведет

Жители Экибастуза, уставшие выступать против строительства жилой этажки возле школы №23, хотят, вынести сор из избы. Они считают, что в дело должен вмешаться министр по инвестициям и инфраструктурному развитию Марат Карабаев.

«Ноғаев мырза, су қайда?». Ақтаулықтар сусыз отыр

Олар амалдың жоқтығынан үйінің төбесіне әкімнің есімін жазып қойған

Реклама депутата Даулета Мукаева обернулась скандалом

Жители столичного комплекса Bai-Tursyn жалуются на рекламу депутата парламента с большой аудиторией в соцсетях Даулета Мукаева. Они считают, что парламентарий, еще до обретения депутатского мандата, ввел их в заблуждение, рекламируя новостройки, качеством которой они сейчас недовольны.

Маңғыстауда жемқорлардың арқасында 4 мектеп салынады

Маңғыстау облысында жемқорлықпен айыпталған шенеуніктерден тәркіленген қаржыға биыл 4 мектеп салынатын болды.

Суы мол Текелінің тұрғындары ауыз суға жарымай отыр

Жетісу облысындағы Текелі қаласының 30 мыңнан астам тұрғыны ауыз суды Қора өзенінен ішіп отыр.