Әйел орны билікте: Алматыда феминистер митингі өтіп жатыр

Malim Админ

  • 08.03.2022

Алматыда Халықаралық әйелдер күніне арналған митинг өтіп жатыр. Сағат 14:00-ге жоспарланған жиынға адамдар бір сағат ерте жинала бастады. Жиналғандар түрлі талаптарын айта келген.

Шараны ұйымдастырушылар құрамында Фариза Оспан, Лейла Зулейха Махмудова, Татьяна Чернобиль, Мира Унгарова, Гүлзада Сержан мен Жанар Секербаева (Қазақстандық феминист бастама «Феминита»), Елена Иванова (“FemPoint”), Жамиля Қасымхан мен Арина Осиновская («КазФем») бар.

Алғашқылардың бірі болып Жанар Серкебаева сөз алып, митинг ережелерін түсіндіріп, арандатушыларға алданып қалмауға кеңес берді.

Алаңда қаңтар қырғынында қайтыс болғандардың құрметіне бір минут үнсіздік жарияланды.

Бүгінгі митингінің басты ұраны - "Әйел орны билікте". Мінберге белсенді Гүлзада Сержан шығып, жиналғандармен бірге "Сайлауға түсетін - мен! Әкім болатын - мен! Депутат болатын - мен! Президент болатын мен!" деп ұрандатты.

Алматы. 8 наурыз, 2022 - Malim

"Менімен сен тең, емеспін ешкімнен, құқығым бәрімен тең. Сайлауға баратын мен. Саясатқа барар жол тегіс емес. Саясат - мемлекетті басқару. Мемлекетті басқаруда әйелдердің орны 50 %. Сол орнымызды алу үшін осында жиналып отырмыз", - деді Сержан.

Митинг спикері Жамиля Қасымхан қаңтар оқиғасы кезінде халықты тыңдауға әкімдер арасынан еліміздің жалғыз әйел әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың ғана шыққанын айтып өтті.

Құқыққорғаушы Татьяна Чернобыль мемлекеттік басқару жүйесінде әйелдер үлесі артуы керек деп есептейді. 

"Саясатта әйелдер аз, себебі олар үшін саясатқа барар жол жабық", - дейді ол.

Қазіргі уақытта митингіге шамамен үш жүзге жуық адам жиналған.

Алматы. 8 наурыз, 2022 - Malim

Жиналғандар арасында "Қазақстан әйелдерінің қозғалысы" өкілдері зейнет жасын қайта 58 жас деп бекітуді талап етіп тұр. Айтуларынша, осы уақытқа дейін бір жыл бойы петиция жариялап, қол жинап қанша құжат жіберсе де, билік жауап бермеген.

Алматы. 8 наурыз, 2022 - Malim

Айта кетейік, алғашында Алматы әкімдігі бұл күні митинг өтетін жерде таңғы 9-дан кешкі 8-ге дейін бұрыннан жоспарланған мәдени шара болады деп, әйел құқықтары бойынша марш және митинг өткізуге келісім бермеген. 

Сағынтаев тыйым аталған митингіге салғанымен, артынша жаңа әкім Ерболат Досаев феминистік митингінің өтуіне келісім берді.

Аздаған уақыттан соң сахнаға картон қағаздан жасалған қара табыт қойылды. Оның бетіне 67 саны жазылған. "Считается" ұйымы мұны 2021 жылы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қайтыс болған 67 әйелді еске алу шарасы деп түсіндірді.

Алматы. 8 наурыз, 2022 - Malim

Митингіде түрлі ұрандар айтылып, шараның ресми бөлігі аяқталды. Жиналғандар плакаттарына "Биліктегі әйел - қансыз Қаңтар", "Қызға 40 үйден бостандық",  "Әр әйел - жалғызым" деген ұрандар жазып келген.

Алматы. 8 наурыз, 2022 - Malim

Алматы. 8 наурыз, 2022 - Malim

Алматы. 8 наурыз, 2022 - Malim

Алматы. 8 наурыз, 2022 - Malim

Шараның ресми бөлігі аяқталған соң, мінберге сөз айтуға ниеттілер шыға бастады. МИСК ұйымының өкілі деп таныстырған Камила есімді қыз билікке әйел келсе, тек кбіреудің көңілдесі болғаны үшін келетінін айтты.

"Бізде билікке әйел адам келсе, тек біреудің көңілдесі болғаны үшін келеді. Әрине, кеше хатшы болып, бүгін министр сұрау керек, бірақ неге дәл осылай сұрайды? Әйел мен еркек тең болмаса, неге бізден бірдей салық алады? Қызға қырық үйден тыйым емес, қызға қырық үйден билік", - деп түйіндеді ол.

Халықаралық заңгер, белсенді Айгерім Құсайынқызы "Біз әлемді де, бесікті де, тіпті патриархал қоғамды да тербете аламыз" дейді.

"Байтал шауып, бәйге алмас", "Қыз бастаған көш оңбайды" деген сияқты мақалдарға "Жоқ" деп айтатын уақыт келді. Бұған дәлел - әлем басқарып отырған Жаңа Зеландия мен Финляндия президенті. Әйел басшылар Қазақстанда әрқашан сабырлы, ақылды, нәзік, күйеуінің кеңесшісі деген рөлден шығуы керек. Біз ақылды, нәзік болсақ, саясатта дауысымыз естілмейді. Қазақстанның бірінші әйел президентін, Парламенттің тең жартысы әйел болғанын көру - арманым. Себебі әйелді әйел ғана түсінеді", - дейді Құсайынқызы.

Митингіге келгендер саны әлі артып жатыр.

Шараға жиналғандар L'hymne des femmes әнін шырқады.

14:00-де басталған митинг сағат екі сағатқа жетпей аяқталып, соңында жиналған Украина халқына қолдау ретінде көкке сары және көк түсті түтін жіберілді. Митинг ұйымдастырушылары келушілерге алғыс айтып, келесі жылы шеру ұйымдастырылатынына сендірді.

 

Митингіден хабар таратқан: Ақниет АМАНЖОЛҚЫЗЫ, Айшолпан КЕРІМ

 

Байланысты жаналықтар

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

06.09.2024

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

31.07.2024

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

30.06.2024

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

28.06.2024
MalimBlocks
Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

Атом электр стансасы салынар болса, Қазақстанда тағы бір «Қошқар ата» полигоны пайда болуы мүмкін.

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

«Жас бүркіт» деп аталатын 7 спорттық әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

Тәңіріміз сыйлаған құтымыздың Иесі болуымыз керек!