Алматыда 50 мың ерікті бар

  • 25.04.2023

 

Волонтер – ақысыз өз уақыты мен күшін қоршаған ортаның жақсаруына арнап, бар ниеті мен көңілін өз еркімен жұмсай алатын адам.

Волонтерлердің қоғам үшін үлесі орасан зор. Олар халық арасындағы осал топтағы адамдарға көмек көрсетіп қана қоймайды, олардың қиын жағдайға тап болған отбасыларға және қоршаған орта мен жан-жануарларға да көмектері тиіп жататыны мәлім. Волонтер азаматтар қоғамда барлық жағдайға бейім, белсенді, әр түрлі салаға икемі бар, жан-жақты тәжірибелері мол орта құрып, өміріне керекті практика жинауға мүмкіндік ала алады.

Қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша 30 үлкен волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Волонтерлік қозғалыстың жұмысы, олардың қандай жобалармен жұмыс жасап жатқандықтары мен жастар арасындағы қоғамдық белсенділікке тарту жұмыстары туралы Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Әзиз Қажденбек пен Алматы қаласындағы волонтерлер фронт офисінің «QAMQOR CHARITY» қоғамдық қорының төрайымы Бағдат Анарбаева айтып берді.

Алматы қаласы бойынша көптеген волонтерлік ұйымдар, клубтар, командалар жұмыс атқарып келеді. Олардың құрамындағы волонтерлердің шамамен есептегендегі сандары 50 мыңнан асады. Әзиз Қажденбектің айтуынша қалада Depo Evolution Park атты жастардың жиналатын орталығы бар. Волонтерлердің фронт-офистерінің ең негізгі мақсаты түрлі ұйымдармен бірлесіп жұмыс жасау, тың жобаларды іске асыру.

Бағдат Анарбаева фронт-офистің жұмысы жайлы айта келіп, волонтерлік қызметтегі азаматтар үлесінің артуын, спорттық өмірге белсене араласуына, мемлекеттік мекемелер мен азаматтар арасындағы араласу тетіктерін жетілдіріп, қоғамдағы маңызды мәселерді шешуге араласуды үйрету маңызды екеніне тоқталды.

Сондай-ақ еріктілердің жұмыстарына нашақорлыққа қарсы күрестерді де қолға алып жатқандықтары мәлім. Мысалы «Narkostop» жобасы аясында алматылық жастар тыйым салынған зиянды заттардың жарнамасын бояп, зиянды заттардан қорғау мақсатында тұрақты жұмыстар атқарып жатыр. Волонтерлердің арасында жалғызбасты қарттар мен зейнеткерлерге көмек қолдарын созып, олармен бос уақыттарын өткізуге де ат салысып жатыр.

Сонымен қатар еріктілер жоғалған, із-түссіз кеткен адамдарды табуға да ат салысып жатыр. Жыл басынан бері 649 адамның жоғалғандығы туралы ақпараттар келіп түскен, соның ішіндегі еріктілердің көмегімен 69 адамның табылуына септіктері тиген. Осы мақсатта еріктілерден 30 адамнан тұратын жасақ жұмыс істеген.

Қала еріктілері арасынан Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен адамдарға 51,5 тоннадан аса гуманитарлық көмек көрсетілген. Алда еріктілермен Жастар саясаты бірігіп «Жасыл ел» жобасын қолға алуды жоспарлап отыр, жобаның шеңберінде негізгі мақсат қала жастарын жұмыспен қамту басты назарда тұр. Ол үшін 10 мың жас жұмыспен қамтылады деп жоспарланған.

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.