Алматыда әскери ұшақ апатқа ұшырады

Алматы әуежайында АН-26 ұшағы апатқа ұшырап, 4 адам көз жұмды.
Наурыздың 13-і күні сағат 17:21-де Алматы әуежайында «Нұр-Сұлтан-Алматы» бағытындағы АН-26 ұшағы апатқа ұшыраған. Апаттан ұшақ бортында болған мойор Ғабит Барлықбаев (1987 жылғы), аға лейтенанттар Досжан Баймұратов (1987 жылғы) пен Мұхтар Сағынбаев (1995 жылғы) және сержант Евгений Васильков қайтыс болған. Екі адам дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.
БАҚ мәліметінше, апатқа ұшыраған АН-26 Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тиесілі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында «көз жұмған азаматтардың туыстарына көңіл айтып, апаттың мән-жайын анықтауға тапсырма бергенін» мәлімдеді.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.