Ақтаудың түрмесі смартфон шығара ма?

Malim Админ

  • 30.10.2020

Ақтау қаласындағы ГМ-172/6 түзету мекемесіне қылмыстық-атқару комитетінің өкілдері жоспарлы тексеріс жұмыстарын жүргізді. Шараға құқық қорғаушылар мен прокуратура өкілдері де қатысты. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайты хабарлайды.

Түзету мекемесі бейне бір смартфон шығаратын зауыт тәрізді. Соңғы он айда сотталушылардан жарты мың ұялы телефон тәркіленіпті. Осы айдың басында ғана ГМ-172/6 түзету мекемесі бастығының орынбасары мен жедел бөлімінің басшысына қатысты сот үкімі шыққан еді. Ақтау қалалық соты оларды қызмет бабын пайдаланғанын әшкерелеген.Алайда, колонияда заңсыздықтар әлі де тоқтамай тұр.

Тінту кезінде сотталушылардан 81 мобильді телефон мен 76 SIM-карта және 38 суық қару тәркіленген. Құқық қорғау ұйымының өкілдері мен облыстық прокуратура тінту жұмыстары заңға сәйкес және сотталушылар құқығы бұзылмағанын айтады.

«Он айдың ішінде қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері мен ұлттық гвардия 500 мобильді телефон және олардың құрылғыларын тәркіледі. Ұялы телефондарды анықтау үшін біз арнайы техникалық құрылғыларды пайдаланамыз.Сонымен қатар, түзету мекемесіне тыйым салынбаған заттардың кірмеуіне қатысты жұмыстар атқарып жатырмыз», - деп хабарлады ведомстваның баспасөз қызметінде. 

Фото: lada.kz

MalimBlocks