Ақтөбеде үш айлық сәбиден коронавирус анықталды

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіні өткен тәулікте Ақтөбеде 2 адамнан коронавирус инфекциясы анықталғанын айтып отыр. Оның біреуі туғанына небәрі үш ай болған нәресте. Баланың анасы жедел респираторлы вирустық инфекция белгілеріне байланысты дәрігердің көмегіне жүгінген. ПТР зерттеулерінің қорытындысы бойынша сәбиге COVID-19 диагнозы қойылған.
27-қыркүйекте КВИ-мен ауырған клиникалық симптомы бар 2 жағдай тіркелді. Оның 1-інің клиникалық симптомдары бар, ал 1-і – симптомсыз ауру.
Диагностикалық ПТР зерттеулерінің қорытындысымен 2020 жылғы балаға COVID-19 диагнозы қойылған. Пациент Ақтөбе қаласынан, КВИ ауру белгілерімен ЖРВИ симптомдарының пайда болуына байланысты медициналық көмекке жүгіну кезінде COVID-19-ға тексерілген кезінде қауіпті індет анықталған деп хабарлайды Ақтөбе облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Өңірде профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.
Фото: tm.ru
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Дәрігерлер бір жасқа толмай өлетінімді айтқан: параспортшы Әлияның хикаясы
Әлия Раева туғаннан түрлі қиындыққа төтеп беріп келеді. Жетімдер үйі, сырқат, үш ота мен үздіксіз ауыр ем. Кезінде дәрігерлер бір жылдан артық өмір сүруі мүмкін емес деген Әлия қазір параспортшы, тіпті сау адамдармен жарысып, үлкен Олимпиада чемпионы атануға үмітті.