Ауыл әкімдерін елдің сайлауы – өте дұрыс шешім

Malim Админ

  • 08.12.2023

Әлемдегі және еліміздегі оқиғалар жаңаша саясат жүргізу қажеттігін ұқтырды. Сондықтан былтырғы Референдумды Түркістан халқы жылы қабылдады деп есептеймін. Мен еліміз бен балаларымыздың келешегі үшін бүгін маңызды шараға атсалыстым. Әркім өз азаматтығының позициясын білдіруге құқылы. Референдумға ұсынылған бар жаңа бағыттарды жан-жақты талдап, қоғамдық қалалық Штаб мүшесі ретінде де, «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы ретінде, сонымен қатар әке ретінде өз таңдауымды жасаумен қатар, түсіндіру жұмыстарына белсене ат салыстым. Қоғамдық өмір бір орында тұрмайды, заманының сұраныстарына қарай дамып, әр тарихи кезең өзінің басымды үлесін қосып отырады. Бүгінгі қоғам азаматы ретінде Ата Заңымыздың ілгері дамуы, әлеуметтік өміріміздің сапалы өзгеруіне ат салысқан дұрыс деп есептеймін.

Референдумнан кейінгі заңдағы өзгерістерге көңілім толады, еліміздің дамуына, халқымыздың өсіп өнуіне, өркендеп көркеюіне үлкен мүмкіндік береді. Бәріне – уақыт төреші. Референдумнан кейін сайлау жүйесіне өзгерістер енгізілді. Мажоритарлық жүйе енгізілді. Бұл реформалар еліміздің жаңа тұлғаларына жол ашты, елдің үміт еткен жастары, ел ағалары, елдің сенген азаматтары сайланды. Олар мінбер басында отырып, халықтың сұранысын үкіметке ашық жеткізіп отыр. Осындай ашық қоғамды қалыптастыратын жастар барда елдің дамуы едәуір ілгерілейтіні сөзсіз.

Ауыл әкімдерін тұрғылықты елдің тікелей сайлауы өте дұрыс деп есептеймін. Себебі қазір халықтың көзі ашық. Қолынан іс келетін адамды халық өзі таңдап сайлау керек деп ойлаймын. Одай кейін сайлау тәртібін қатаңдату керек. Бәрімізге мәлім, сайлау жүйесі қашанда қоғамда үлкен резонанс туғызады. Расында бұған дейінгі өткен сайлаудың барлығы өз әділдігімен көзге түсті деп айта алмаймыз. Арасында кемшіліктер кездесті. Егер болашақта да елде сайлау әділ өтпесе, түбі жақсылыққа апармайды. Сол үшін сайлау кезінде барлық рәсімдер онлайн көрсетілім арқылы жүргізілуі керек деп есептейміз. Мысалы, комиссия сайлау учаскесіндегі бюллетеньді беруден бастап, дауысты санауға дейінгі барлық рәсімдер онлайн жүргізілуі тиіс. Осыны заңдастыру керек. Егер заң қабылданса, онда тәртіп бұзған адам заң алдында жауапқа тартылатын болады.

Түлкібас ауданы бойынша халық саны 106340  болса оның ішінде 14-35жасқа дейінгі жастар саны 34520 құрап отыр. Жастарға «Кәсіптік бағдарлау жұмысына, жастарды еңбек нарығының қажеттіліктері» атты хабардар етуге бағытталған іс-шаралар тұрақты өткізілуде. Бұл бойынша наурыз айынан бастап жаңадан кәсіп бастағысы келетін немесе өз кәсібін одан әрі кеңейтуге ниетті жастарға  2,5 пайызбен несие беру бойынша барлық аудан жастарына үгіт насихатты жұмыстарды жасадық нәтижесінде Түлкібас ауданы бойынша 58 жас өтінім беріп, 35-сі  келісім алды. 10 өтінім комиссиядан өтіп қаражатын алып кәсіптерін дөңгелетіп отыр. 

NEET санатына жататын жастардың үлесін азайту және жұмыссыз жастардың санын азайту мақсатында аудандық Мансап орталығымен бірлесе келе мемлекеттік бағдарламаларды  жастарға насихаттау жұмысы ақпан айынан бастап жүргізілді. Нәтижесінде  «Жастар практикасы» бағдарламасымен 216 жас, «Ақылы қоғамдық жұмыс» 266 жас, «Әлеуметтік жұмыс орындары» 203 жас, «Алғашқы жұмыс орыны» 71 жас, жалпы 756 жас жұмыспен қамтылды. Одан бөлек ауданда «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 140 жасты жаз айларына жұмыспен қамтыдық, қазіргі таңда жұмыстарын аяқтады.

2017 жылы ақпан айында Түлкібас аудандық «Жастар ресурстық орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанынан «Мейірім» еріктілер тобы құрылған. Еріктілер тобының құрамында Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің студенттері және аудан орталығындағы білім ошақтарының оқушылары бар. Жалпы «Мейірім» еріктілер тобында 30 белсенді жас бар. Қазіргі таңда еріктілер тобының белсенділерінің қатысуымен  ауданда түрлі қайырымдылық іс-шаралар өтуде. Еріктілеріміз биыл Түркия мемлекетінде орын алған табиғи апат кезінде және өзіміздің Екібастұзда орын алған төтенше жағдай кезінде үлкен көмек берді. Аудан тұрғындарынан қор жинау кезеңінде жоғары деңгейде нәтиже көрсетті.

NEET санатындағы жастардың қоғамдастықтың өміріне тарту және игілігі үшін қоғамдық пайдалы қызметті дамыту мақсатында «Zhas project» жастардың осал топтары арасында пилоттық жобаны іске асыру  шағын гранттар конкурсы жарияланған болатын. Аталған конкурс туралы аудан жастарына орталық қызметкерлері үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде  ауданымыздан  4 жас 1 млн қаржылай грант ұтып алды,  алдағы уақытта кәсіптерін ашуды жоспарлауда. Біздің Жастар ресурстық орталығы немесе ЖРО – жастардың әлеуметтік және тұлғалық дамуына жәрдемдесетін және жастар ұйымдарының қызметіне қолдау көрсететін ұйым.

Атап айтсақ: Жастарды жұмысқа тұруға дайындауға, цифрлық сауаттылығын арттыруға, инновациялық және кәсіпкерлік қызметін жандандыруға жәрдемдесу;

Бейресми білім беру арқылы жастардың өмірлік маңызды дағдыларын, компетенцияларын және дербестігін дамыту;

Өтеусіз негізде жастарға психологиялық, консультативтік және заң көмегін көрсету;

Жастар ортасында волонтерлік қызметті дамыту, жас отбасылармен жұмыс жасау және жастарға отбасы өміріне дайындалуға жәрдемдесу;

Әртүрлі бағыт бойынша және жастардың мүдделері мен қажеттіліктері негізінде жобалар мен бағдарламаларды іске асыру;

Жастар ұйымдарын, қозғалыстарын және жастардың өзін-өзі басқару органдарын дамытуға қолдау көрсету сынды жұмыстарды атқарамыз. Санасы сергек, отаншыл жастар – Мемлекет болашағы.

Нұркен Бердібек,

Түлкібас аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің дтректоры

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін