Ауыл партиясы: Футболға кеткен қайран ақша

Malim Админ

  • 16.11.2020

«Ауыл» ХДПП мүшесі Анас Баққожаев жақтастарымен тиімсіз бағдарламаларға миллиардтап қаражат бөлгізуді тоқтатқалы отыр.

«Ел аманаты» сауалнамасын өткізген уақытта халық ауылдағы халық ауыз су мәселесін, жолдың сапасына қатысты шағымдарын айтып жатыр. Бұл мәселелерді шешудің бірнеше жолы бар. Біріншіден, «Ауыл» партиясы ауылды аймақтарды дамытудың моделін ұсынады. Сонымен бірге ауыл-аймақтарды дамыту бойынша стратегиялық құжат дайындаймыз. Естеріңізде болса, 2004-2010 жылдары «Ауыл-аймақтарды дамыту бағдарламасы» іске асырылған болатын. Соның шеңберінде ауылдардың бәрін де құжаттап, не бар, не жоғы анықталған. Соңынан осы бағытта тіпті комитет құрылған еді. 2010 жылдан бері бағдарлама ұмытылып кетті. Комитет қазір жоқ. Осының бәріне қалпына келтіру керек деп ойлаймыз», - деді Анас Баққожаев

ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Партия мүшесі ауылдарға бюджеттен қаражат бөлінуі керектігін мәлім етті. «Ақша табу қиын заман десек те, бюджетте мұндай мүмкіндік бар. Қазір тиімсіз, қоғамға керегі жоқ бағдарлама өте көп. Бір футболдың өзіне кейінгі 10 жылдың ішінде 300 млрд теңгеге дейін демеушілерден көмек көрсетілген, Үкімет тарапынан ақша бөлініп жатыр. Сол қаражатқа кем дегенде 500 ауылдың жағдайын жақсартуға болар еді. Сондықтан партия тиімсіз бағдарламаларды анықтап, үнемделген ақшаны тек ауылдың инфрақұрылымын түзеуді ұсынып отыр», - деді ол. Айта кетсек бүгінгі баспасөз мәслихатында «Ауыл» ХДПП төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рақымбеков «Ел аманаты» жалпыұлттық сауалнамасының нәтижесін жариялаған болатын.

Дереккөз: inform.kz

 

Байланысты жаналықтар

Қызылша балаларға қауіп төндіріп тұр

01.12.2023

Хостелде шыққан өрт. Алматы әкімі Досаев пікір білдірді

30.11.2023

Түркістан облысында тағы бір ауыл әкімі сайланды

30.11.2023

Алматыда хостелден өрт шығып, 13 адамның денесі табылды

30.11.2023

«Бауырым» дейтіндер көп, бауырын беретіндер жоқ

29.11.2023

Түркістан облысында 140-тан астам әкімді халық таңдады 

29.11.2023
MalimBlocks
Қызылша балаларға қауіп төндіріп тұр

30 бала жансақтау бөлімінде жатыр

Хостелде шыққан өрт. Алматы әкімі Досаев пікір білдірді

Өрт орнынан 59 адам эвакуацияланды

Түркістан облысында тағы бір ауыл әкімі сайланды

Алматыда хостелден өрт шығып, 13 адамның денесі табылды

Аты-жөндері анықталып жатыр

«Бауырым» дейтіндер көп, бауырын беретіндер жоқ

7 жыл бойы донор іздегендер бар

Түркістан облысында 140-тан астам әкімді халық таңдады 

Соңғы жылдары елімізде ауқымды саяси реформалар жасалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен сайлау жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізілді. Халықтың мемлекеттік басқару ісіне араласуына жағдай жасалып, диалог күшейтілді.