Балуан әкім жылу қашан береді?

Жанар Қожанова

  • 16.10.2020

Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасымен үй алып, не нұрланбай, не жылынбай отырған тұрғындар бүгін жергілікті әкімдікке басып кірді. Қара күзде жылусыз қалған халық  қала басшысы балуан әкім Асхат ШАХАРОВҚА баруға қорықты ма екен, мұңдарын облыс әкімі Оңдасын ОРАЗАЛИНГЕ жеткізбекке келген.

Алты жыл бойы банкке ақша жинап, баспанасын  күткен Гаухар БАҚЫТТЫҢ қуанышы үйдің кілтін алған күннен бастап судай басылыпты. Әкімдіктегілер тұруға дайын емес  үйді қалай қабылдап, оны қалай халыққа таратып бергеніне әлі таң. Енді міне солардың салғырттығынан салқын үйде бала-шағамызбен қабат –қабат киініп, бүрсеңдеп отыруға мәжбүрміз дейді.

«Міне, қараңыздар, көріп тұрғандай қызымыздың аяғында етік, басында бас киім, осындай қалың жемпір, жатар кезде де осылай. Шәй ішер кезде  газды жағып қоямыз. Жатарда екі көрпе жамыламыз. Дым жылу жоқ. Ешқандай әкім де есігін ашпайды. Білмеймін, қайда барып айтатынымызды. Балаларымыз ауырып болды. Екі күннің бірінде аптекадан шықпаймын», - дейді тұрғын Гаухар Бақыт МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісіне.

Гаухар сияқты мемлекеттік бағдарламамен несиеге үй алған мыңнан аса тұрғынның басындағы мәселе. Күздің қара суығы келсе де әлі күнге жылуы жоқ үйлерінен тонған халық жергілікті билік өкілдеріне жағдайларын айтқан екен.

«Біз Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне, ЖКХ да бардық, бәріне бардық. Шақырттық, үйдің алдына жиналдық. Ешқандай нәтиже жоқ. Котельный дұрыс емес дейді. Әне қосамыз, міне қосамыз деп тек уәдесін береді»,-дейді тұрғын Жанүл ТЕМІРҒАЛИЕВ.

Алайда өзін іздеп келген  халықтың алдына облыс әкімі бұл жолы да шыға қоймады. Ал құрылыс компаниясынан үйді жылусыз қабылдап, кілтін халыққа тапсырған жауаптылар бұлай болатынын  ойламапты.

«Үйді біз бердік. Үйді берген кезде мердігер мекеме жұмыс жасап жатты. Мұндай жағдайға әкеледі деп ойлаған жоқпыз. Мердігер мекеме мен тапсырыс беруші қала әкімдігінің мәліметіне сәйкес жұмыстар бір он күннің ішінде аяқталуы тиіс», –деді  Ақтөбе облысы энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқарамасы басшысының орынбасары Ержан МҰЗДЫБАЕВ.

Осылайша, өздері жылы кабинетте  отыратын әкімдіктегілер  Нұр Ақтөбедегі жылусыз қалған халықтан тағы он күн шыдай тұруларын сұрады.  Сөздерінше «Нұрлы жер» бағдарламасымен  салынып, жазда тапсырылған  24 үй жылыту маусымына дайын болмай шығыпты. Қазір өз міндеттерін толық орындай алмай,  жылыту қазандығын екі жыл бойы салған компанияның жұмыстары  тендер арқылы басқа мердігер мекемеге  берілген. Енді қалған шаруаны  солар аяқтауы тиіс екен.

Фотолар автордікі.

Байланысты жаналықтар

Экс-депутаттар пара беріп, кек алуға көшкен бе?

21.04.2021

Әкім Оразалин көпбалалы анаға жалған сертификат берген

16.03.2021

«Қытайлар айлығымызды көтермесе ереуіл тоқтамайды»

29.01.2021

Мұнайшылар аштық жариялады

26.01.2021

Алтын мен мысы көп ауылда мектеп жоқ

14.01.2021

Ақтөбеде 100 адам 120 мың шошқаға қарсы шықты

13.01.2021
MalimBlocks
Экс-депутаттар пара беріп, кек алуға көшкен бе?

Әкім Оразалин көпбалалы анаға жалған сертификат берген

«Қытайлар айлығымызды көтермесе ереуіл тоқтамайды»

Мұнайшылар аштық жариялады

Алтын мен мысы көп ауылда мектеп жоқ

Ақтөбеде 100 адам 120 мың шошқаға қарсы шықты