«Базарды ашпаса, көтеріліске шығамыз»

Malim Админ

  • 20.05.2020

Ақтөбеде саудагерлер жергілікті билік  орталық базарды ашпаса, көтеріліске шығамыз деп бекініп отыр. Сөздерінше, карантин басталған екі айдан бері табыссыз қалған қара халық аштан өлудің алдында отыр. Сондықтан қазір саудагерлер қақпасы жабық базардың сыртынан өздері жабайы базар жасап алып, тауарларын көшеде сатуға көшіпті. Ал тазалық мамандары болса көшедегі базар санитарлық талапқа сай емес, алайда оны ретке келтіретін біз емес, жергілікті әкімдік дейді.

«Бәрін төлеу керек. Су, жарық, газ. Не қыламыз енді? Базардың ашуын талап етіп көшеге шығамыз. Өлтірсе де шығамыз. Соттасын іләйім. Кредитіміз бар мойнымызда . 42 500 теңге неге жетеді? Оны да тоқтатып тастады.  Өтірік, әдейі істетіп тұр соның бәрін», -дейді  саудагер Несібелі НАЗАРОВА.

Қаладағы орталық базардың алдына жиналған саудагерлер екі айдан бері үйлерінде табыссыз отырғандарын айтады. Сөздерінше, жергілікті билік қаладағы сауда орындарын ашпай, қара халықты аштан өлтірейін деп отыр. Күнделікті табыстарын саудадан көріп отырмыз дегендер шығынға баттық дейді.

«Базарды ашсын. Халыққа жұмыс берсін. Не мынау, масқара ғой. Тозып кетті адамдар. Ана жерде де бүкіл аяқ киім, бәрі шығып кетті. Күн көру керек қой. Неге халықты ойламайды? Әкімдік  тек отырып алады да полицейлерді, шапқындарын жібереді. Коронавирус өтірік. Жоқ ол. Ауырсам, осы жерде тұрған мен ауырмаймын ба?» - дейді саудагер Ақгүл АЙМАҒАНБЕТОВА.

Ал орталық базар басшылығы болса  базардың қашан ашылатынын өздері де білмейді екен. Сөздерінше, сэс мамандарының айтқан барлық талабын орындап отыр. Алайда әзірге рұқсат жоқ дейді.

«Қашан ашылатынын біз әлі өзіміз де білмейміз. Себебі «постановление» бар. Санитарлық дәрігердің. Соған байланысты төртінші этап деп тұр. Сұраныс бар. Неге ашылмаймыз? Қашан ашыламыз?  Сауда істеу керек, адамдардың несиесі бар. Сол себепті біз өзіміз де білмей отырмыз»,- дейді  орталық базар басшысының орынбасары Бақытжан БОЛАТБАЕВ.

Ал тазалық мамандары болса қаладағы ірі сауда орындары мен базарлардың ашылмауы өңірде коронавирус індетінің азаймауынан дейді. Айтуларынша, адам қарасы көп жиналатын мұндай орындардың жұмыс істеуіне тек індеттің тіркелуі  7 пайыздан төмендегенде ғана  рұқсат беріледі. Ал базар маңындағы көше саудасын тоқтату  жергілікті әкімдіктің құзырында екен. Ол туралы жергілікті билікке бірнеше рет хат та жолдапты.

Фото автордікі.

Жанар Қожанова

Байланысты жаналықтар

Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

15.05.2025

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

08.05.2025

Ақтөбеде 50-ден аса тұрғынды алдаған әйелге қатысты сот жүріп жатыр

01.05.2025

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

30.04.2025

Ақтөбеде бір емші науқастарға миллиондап несие алдырған

24.04.2025

Ұлттық кітап күні: 500 метрлік гүлзар алаңында ақтөбеліктер кітап әлеміне саяхаттады

23.04.2025
MalimBlocks
Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Ақтөбеде 50-ден аса тұрғынды алдаған әйелге қатысты сот жүріп жатыр

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

Ақтөбеде бір емші науқастарға миллиондап несие алдырған

Ақтөбеде алдына ем іздеп келген 100-ге жуық адамды алдаған емшіге қатысты сот басталды

Ұлттық кітап күні: 500 метрлік гүлзар алаңында ақтөбеліктер кітап әлеміне саяхаттады

23 сәуірде Ұлттық кітап күнінде және ұлы ақын Абайдың 180 жылдығы қарсаңында Ақтөбеде ерекше шара өтті