Білім сапасының артуы басты назарда

  • 13.04.2023

Болашақ білімде, білімділердің қолында. Жиырма бірінші ғасыр әлем елдерінің арасындағы білім бәсекесін жаңа белеске көтерді. Бұрынғыдай емес, шетелге шығып оқу, әлемнің үздік оқу орындарында оқу қол жетімді бола түсті. Қазақстандық оқушылар да білім бәйгесінде алыс-жақын шетелдерді бағындырып, еліміздің жас буын өкілдері әлемдік бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеп жүр.

Дегенмен, бұған мәсе тұтып отыра беруге болмайды. Қазақстанда шетелге шығатын да, мықты оқу орынлдарына түсетін де жақсы мектепте оқыған, жүйелі білім алған түлектер екені дау туғызбайды. Ендігі мәселе – білім саласындағы аралық айырмашылықты реттеу. Ол үшін, әрине, бәріне бірдей жағдай жасаумен қатар, қазір қай деңгейде тұрмыз, қайда бара жатырмыз деген сұрақтар ылғи да күн тәртібінде тұруға тиіс. Ол үшін білім саласында жиі-жиі мониторнг жүргізіліп, түрлі факторлер сараланып отыруы тиіс.

2023 жылдың сәуірінен бастап мамыр айының ортасына дейін мектеп оқушыларының арасындағы білім жетістігінің мониторингі өтеді. Мониторингке 1 473 мектептің 50 мыңнан астам 4 сынып пен 9 сынып оқушылары қатысады. Оқушылар жаратылыстану және математикалық бағыттар бойынша оқу жетістігінің мониторингіне (ББЖМ) қатысатын болады.

Ерекше айта кетерлігі, мониторингтің оқушылар үшін ешқандай құқықтық салдары жоқ. Яғни, оқушылар өздерінің білімін көрсетеді, бұл жалпы статистика үшін керекті процедура, бәрақ, ол оқушылардың білім көрсеткішіне әсер етпейді. Бұл жерде ерекше айта кетерлігі, оқушылардың өзін бір тексеріп, білімінің қай деңгейде екенін біліп алуына да мүмкіндік беріледі. Одан ары, әрине, жалпы статистика бойынша зерттеу жүргізіліп, көрсеткіштер сараланады, сыртқы, әшкі факторлар есепке алынады. Соның негізінде бағдарлама жасалып, білім саласын реформалау жалғаса береді.

Қазіргі уақытта мониторинг өткізуге арналған бағдарлама толықтай дайын. Негізгі көрсеткіш тест түріндегі емтихан нәтижесінде анықталады. Тестілеу арнайы оқытылған өкілдермен өтіп, мониторинг жүргізу жөніндегі нұсқаулық пен тест-әкімші сценарий дайындалды. Білім алушылардың білім сапасына әсер етіп отырған факторларды анықтау мақсаты бойынша тест тапсырушылар мен педагогтер және білім беру ұйымдарының әкімшіліктерімен бірге бірқатар сауалнамалар әзірленіп жүргізілетін болады.

«ББЖМ қорытындысы бойынша елдегі барлық өңірде білім беруді жақсарту бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындалады, ол мектептердегі білім сапсының артуына, дамуына әсер етеді. Білім беру ошақтары және ондағы басшылық пен педагогтер, оқушылар нақты мақсатты нәтиженің маңызын түсінуі керек. Осы мақсатта мониторг жүргізу кезіндегі академиялық адалдықтың бұзылмауын жіне сақталуын қамтамасыз етуіміз қажет»,- деп Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің бас сарапшысы Анар Тасмұратова мәлімдеме жасады.

Айта кетейік, білім жетістігінің мониторингі (ББЖМ) 2021 жылдан бастау алған болатын. 2022 жылы 1441 мектеп қатысты, қорытынды бойынша қатысушы өңірлер кешенді талдауды жіне әдістемелік ұсынымдарды алды. Ол жерде білім беру сапасы мен дамуын арттыруды нақты қадап көрсетілген болатын.

Жалпы, білім саласының дамуы мемлекет назарынан тыс қалмауға тиіс. Осындай мониторингтер мен түрлі зерттеулер еліміздегі білім ошақтарын жан-жақты дамытуға, кемшілігін түзетіп, жетістігін дәріптеу арқылы барлық мектептерде білім сапасын арттыру үшін жасалатын шаруалар.

 

Байланысты жаналықтар

Депутат Тумашинов ШҚО-ның жолын жомарттықтан жөндеп бере ме?

22.09.2023

Прекратить госфинансирование грантов в вузах планируют в Казахстане

22.09.2023

Оралдық депутаттар Назарбаевтан айырылғысы келмейді 

21.09.2023

«Мектепте оқығысы келмеген». Буллингке ұшыраған әйгілі тұлғалар

20.09.2023

Талғарда дәрігерлер соққыға жығылды

20.09.2023

Сайга под прицелом: что делать с тушами?

18.09.2023
MalimBlocks
Депутат Тумашинов ШҚО-ның жолын жомарттықтан жөндеп бере ме?

Шамасы осындай 100 миллионнан асатын тағы бірнеше жобаларды атқарып, жеңімпаз болып отырған

Прекратить госфинансирование грантов в вузах планируют в Казахстане

Министерство высшего образования разработало проект: родителям предлагают копить на учебу детей по системе "Келешек", сообщает Sputnik.kz.

Оралдық депутаттар Назарбаевтан айырылғысы келмейді 

Орал қалалық мәслихат депутаттарының сессиясында депутат Мақсат Айсаутовтың Назарбаев даңғылына бұрынғы атауын қайтару бастамасы өзгеріссіз қалды.

«Мектепте оқығысы келмеген». Буллингке ұшыраған әйгілі тұлғалар

Қатты соққының әсерінен мұрыны сынып, ота да жасатқан

Талғарда дәрігерлер соққыға жығылды

Алматы облысы Талғар ауданында ауруханада қайтыс болған марқұмның туыстары жансақтау бөлімінің дәрігер-реаниматологы мен медқызметкерін ұрып кеткен.

Сайга под прицелом: что делать с тушами?

Чиновники правительства сдались под натиском группы предпринимателей, желавшей отмены моратория на отстрел сайги. С 2024 года убивать сайгу станет можно. Руководство Комитета лесного хозяйства и животного мира МЭПР объясняет это решение достижением довольно большой численности стад сайгаков.