Біртановты сынаған дәрігерге митинг өткізуге рұқсат бермеді

Malim Админ

  • 23.06.2020

Алматы қаласының әкімдігі дәрігер Қайырғали Көнеевке митинг өткізуге рұқсат бермеді. Бұл туралы дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, балалар невропатологы Қайырғали Көнеев өз парақшасында хабарлады.

Қайырғали Көнеев 11 шілде күні Алматыдағы Сарыарқа кинотеатрының артында барлық санитарлық талапты сақтай отырып, парламент мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберілген "Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасына қарсы бейбіт жиын өткізбек болды. Сөйтіп, әкімдікке  тиісті хабарлама жіберген.   "Бейбіт жиын өткізу мен ұйымдастыру тәртібі туралы" жаңа заңға сәйкес, митинг өткізу үшін жергілікті әкмдікке хабарлау жеткілікті. Алайда Көнеевтің мысалы әкімдікке митинг өткізетініңді алдын ала хабарлаған күннің өзінде, билік органы рұқсат бермеуі мүмкін екенін көрсетіп отыр.

Көнеев әкімдік жауабын Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. Әкімдіктің жауабында қоғамдық даму басқармасының жетекшісі Айдар Есенбеков қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, топ болып жиналуға тыйым салынғанын келтіріп, митингіге рұқсат етілмейтінін хабарлаған.

Оқи отырыңыз: Министр Біртановты сынаған дәрігер митинг өткізбек

Байланысты жаналықтар

Түркиядағы наразылықтарда 1900 адам ұсталды

27.03.2025

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі маңызды мәлімдеме жасады

23.03.2025

Түркияда Ыстамбұл мэрі ұсталғаннан кейінгі жаппай наразылық жалғасып жатыр

20.03.2025

Германияда шерушілерге шабуыл жасалды

13.02.2025

Тбилисидегі митинг: оппозиция жаңа сайлау өткізгелі жатыр

29.10.2024

Венесуэладағы сайлаудан кейін оппозиция жақтаушылары митингке шықты

06.08.2024
MalimBlocks
Түркиядағы наразылықтарда 1900 адам ұсталды

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі маңызды мәлімдеме жасады

Түркияда Ыстамбұл мэрі ұсталғаннан кейінгі жаппай наразылық жалғасып жатыр

Германияда шерушілерге шабуыл жасалды

Тбилисидегі митинг: оппозиция жаңа сайлау өткізгелі жатыр

Сайлау нәтижесінде «Грузин арманы» партиясы билікте қалған болатын

Венесуэладағы сайлаудан кейін оппозиция жақтаушылары митингке шықты

Венесуэладағы президент сайлауынан кейін оппозиция өкілдері жаппай митингке шығып, биліктен өздерінің жеңісін талап етуде. Қазіргі президент Николас Мадуро қазіргі уақытта мыңдаған "тәртіп бұзушылардың" ұсталғанын мәлімдеді.