457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Дертке шалдыққандар саны алтыға жетті, «Nur Otan» шегінді

Қазақстанда тағы екі адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлайды "Мәлім.кз" Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтемемен.

Біреуі – 1958 жылы туған ер адам. Жеке кәсіпкер. Ол Алматыға Мәскеуден 10 наурызда ұшып келген. Қазіргі таңда карантинде жатыр.

Сонымен қатар, елордада тағы бір науқас тіркелді. Әйел адам. Ол Варшава-Нұр-Сұлтан ұшағымен ұшып келген.

Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған қазақстандықтар саны 6-ға жетті. Оның төртеуі алматыда, екеуі Нұр-Сұлтан қаласында.

Сонымен қатар, бүгін «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Бәйбек Туиттер парақшасында: «Короновирус індеті таралу қаупінің алдын алу үшін шектеу шараларының енгізілуіне байланысты «Nur Otan» партиясының 2020 жылғы 18 наурызға белгіленген Саяси кеңесінің отырысын өткізу тоқтатылды» деп жазды.

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған