Дулат Ағаділдің асына бармақ болған белсенділерді жаппай қамап жатыр

Malim Админ

  • 05.08.2020

8 тамыз күні марқұм Дулат Ағаділдің отбасына достары асарлатып салып берген үйдің қоныс тойына бармақ болған белсенділер жаппай ұсталып жатыр. Жаз айларында Дулат Ағаділдің достары, азаматтық белсенділер бірігіп марқұмның артында қалған алты балаға асарлатып үй салып берген еді.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Дулат Ағаділдің ұлы Нұрболат Ағаділ 8 тамыз күні әкесінің аруағына Құран бағыштап, ас берілетінін хабарлаған. "Әкем қаза тапқалы бері жаназасын, жетісін, қырқын, жүздік ас беру шараларын дұрыс өткізе алмадық. Сол себепті 8 тамыз күні Талапкер ауылында ас өткіземіз", - деген.

Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина 8 тамыз қарсаңында еліміздің түкпір-түкпіріндегі белсенділер ұсталып жатқанын мәлімдеді. Құқық қорғаушының есебінше, кемі 27 белсенді "бейбіт жиын мен шеру өткізу және ұйымдастыру тәртібін бұзу" бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, бестен он бес тәулікке дейін қамалған. Құқық қорғаушы әлеуметтік желідегі парақшасында қамалған 27 адамның аты-жөнін жариялаған.

"Жақында белсенділер Талапкер ауылында жиналып, Дулат Ағаділге ас берген. Белсендінің басына барған, Құран оқыған. Сол шараны телефонға түсірген. Жүз шақты адам жиналыпты.  Енді билік сол 100 адамды тауып, 8 тамыз күнгі қоныс тойға барғызбау үшін қамап жатыр. Зейнет жасындағы белсенділерді әкімшілік қамауға алуға болмайды, оларға айыппұл салып жатыр. Енді бір белсенділер есік алдында полиция жүргендіктен, аулаға шыға алмай отыр. Билік қоныс тойға баратын белсенділерден қорыққан шығар", - дейді Б.Төреғожина.

 

Байланысты жаналықтар

Полиция белсенділерді Қытай консулдығына жібермеді

15.03.2021

Арон Атабек ауырып қалды ма?

30.07.2020

Евгений Жовтис: Митинг қудалайтын шенеуніктерге  санкция салынуы мүмкін

16.02.2021

Прокурор Әлнұр Ілияшевті үш жылға соттауды сұрады

19.06.2020

Жанболат Ағаділді төбелес кезінде пышақтап кеткен

11.11.2020

Митинг түгілі "Қалаулымға" да шығармайды

25.01.2021
MalimBlocks
Полиция белсенділерді Қытай консулдығына жібермеді

Арон Атабек ауырып қалды ма?

Евгений Жовтис: Митинг қудалайтын шенеуніктерге  санкция салынуы мүмкін

Прокурор Әлнұр Ілияшевті үш жылға соттауды сұрады

Жанболат Ағаділді төбелес кезінде пышақтап кеткен

Митинг түгілі "Қалаулымға" да шығармайды