Электронды темекіге тыйым салынады

Елімізде вейпке (электронды темекі) толық тыйым салу туралы шешім қабылдануды,- деп хабарлады қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Malim Админ

  • 01.08.2023

«Денсаулық сақтау министрлігі Заң жобасын әзірлеп жатыр. Вейпке толығымен тыйым салу туралы шешім сөзсіз қабылданады. Қазір вейптерді сатуға тыйым жоқ, ал вейпті балалардың қолданатынын ескерсек, қазірдің өзінде ұлттық қауіпсіздік мәселесіне кеп тіреледі. Сондықтан біз толығымен тыйым салып, заң күшіне енгеннен кейін вейптердің айналымына жол бермеу үшін барлық шараларды қабылдауға көшеміз. Вейптердің бюджетке де, денсаулыққа да пайдасы жоқ. Қаржы министрі ретінде мен вейптердің айналымының жалғасуына үзілді-кесілді қарсымын»,- деп жауап берді Үкімет отырысында журналистерге Жамаубаев.  

Сарапшылар электронды темекі өкпені туберкулез дертімен тең дәрежеде зақымдайтынын айтуда.

«Бұл өнім құрамында өкпеге зиянды қоспалар бар. Ол қоспалар өкпе эпителийін зақымдайды. Бүгінде электронды темекіні оқушылардың көп тұтынуына байланысты Қазақстан өкпе аурулары бойынша қауіпті аймақта тұр», дейді Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнәр Сәрсенбаева.  

Дүниежүзідік Денсаулық ұйымының мәліметінше, 33 мемлекет электронды темекі сатуға тыйым салса, 79 ел бұл өнімді қоғамдық орындарда тұтынуға, жарнамалауға, дамытуға, бұл өнімдерге демеушілік жасауға тыйым салған. 

Байланысты жаналықтар

Алматыдағы стоматологиялық емханадан 13 мың вейп табылды (ВИДЕО)

21.09.2024

Астанада вейп пен насыбай сатқандарға 3,6 млн теңге айыппұл салынған

03.08.2024

Қазақстанда бүгіннен бастап вейптерге тыйым салынды

20.06.2024

Астанада «Спортқа тәуелділікті айырбаста» акциясы өтті

10.06.2024

Депутат электронды темекі сатуға тыйым салуды ұсынды

25.05.2022
MalimBlocks
Алматыдағы стоматологиялық емханадан 13 мың вейп табылды (ВИДЕО)

Барлығы тәркіленіп, қылмыстық іс қозғалған

Астанада вейп пен насыбай сатқандарға 3,6 млн теңге айыппұл салынған

Қалада рейдтер әлі жүріп жатыр

Қазақстанда бүгіннен бастап вейптерге тыйым салынды

Яғни вейптердің айналымы үшін бүгіннен бастап қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Астанада «Спортқа тәуелділікті айырбаста» акциясы өтті

Спортшылар қала тұрғындарына құрамында никотині бар құрылғылардың зияны туралы айтты

Депутат электронды темекі сатуға тыйым салуды ұсынды