Енді жеңілдетілген несиемен зейнеткерлер де үйлі болады
Биыл елімізде он мың жалдамалы пәтер пайдалануға берілетін болады. Және енді жеңілдетілген несимен зейнеткерлер де баспаналы болуларына мүмкіндік бар. Бұл туралы елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат ЖАЙЫМБЕТОВ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Орталық филиалының директоры Жансұлтан МАТАЕВТЫҢ қатысуымен өткен баспасөз жиынында айтылды.
«Тұрғын үй саясатындағы реформалар Елбасы мен президент Тоқаевтың стратегиялық бастамалары негізінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сәйкес іске асып келеді. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету және өмір сүру жайлылығын арттыру. Мемлекеттің тұрақты әрі маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Бүгінгі күні пайдалануға берілген үйдің жылдық көлемі 2005 жылғы 2.6 есе өскен», - деп сөз бастады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы.
Мархабат ЖАЙЫМБЕТҰЛЫНЫҢ айтуынша, бтыл он мың жалдамалы пәтер пайдалануға беріледі екен. Басты үлкен қалаларды ондай пәтерге жастар қол жеткізе алады.
«Сатып алынбайтын жалдамалы пәтер Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент жастарына беру қарастырылып отыр. Үш жылда тоғыз мың жас қазақстандыққа беру жоспарда бар. Биылғы жылы он бес миллион шаршы метірлік баспана салуды міндетімізге алғанбыз. 105 мың отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуды мақсат еттік. Оның қырық мың мемлекеттік инвестиция аясында баспаналы болады. Биыл мемлекет басшысының тапсырмасымен кезекте тұрғандардың баспана мәселесін шешу үшін 5-10-20 пилоттық бағдарламасы ұсынылған. Ұлттық банк 390 миллиард теңге бөлсе, оның 180 миллиарды несиелік баспанаға берілген. Жалпы он бес мың пәтер салу жоспарда», - деді Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов.
Сондай-ақ биыл жиырма бес несиелік, он мың арендалық, «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында бес мың пәтер берілетін болады.
«Шаңырақ» бағдарламасы бойынша он жеті мың жеңілдетілген несие беру биыл жоспарда екен. 2600-дей өтініш мақұлданған. Жайымбетовтың пікірінше, бұл бағдарлама тек қана халықты баспанамен ғана қаматамасыз етпейді. Сондай-ақ елдегі құрылыс саласына жан бітіріп, жаңа жұмыс орындарын да ашады дейді. Бастысы халық жаңа үйге кіреді деп ойын білдірді.
Сондай-ақ, баспасөз жиынында «Шаңырақ» бағдаралмасы бойынша арызы мақұлданған жандарға екі айдың ішінде баспана табуға байланысты мәселе көтерілді. Себебі кейбір аймақтарда «Шаңырақ»шарты бойынша жаңа баспана табу оңай емес. Осыға байланысты «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Орталық филиалының директоры Жансұлтан МАТАЕВ «банктің осы талабын өз арамызда тағы да қарап шығамыз. Тиісті еомитеттерде екі айдан алты айға созамыз ба деген сұрақ қарастырылып жатыр» деді.
Нұр-Сұлтан қаласында 4800 пәтер салынып жатыр, биыл 5мыңға жуық пәтер беріледі екен. Алматыда 4 мыңнан аса пәтер берілсе, өңірлерде 200-ден 600-ге дейін пәтер беріліп, аймақтардағы тұрғын үй мәселесі шешіледі деді брифинг қонақтары. Жайымбетов жеңілтеліген несие бойынша ақша сәуір айында ғана бөлінді. Жыл соңына дейін 25 мың пәтер өз иелеріне тапсырылады. Баспана мәселесінде тапшылық болмайды деп шегелеп айтты.
Брифингте «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның өкілі енді баспана алу үшін жеңілдетілген несие зейнеткерлерге де берілетін болғандығын жария етті.
«Бүгінен бастап банк ережесіне өзгеріс енді. Енді үйдің кезегінде тұрған жасы алпыс бестен асқан зейнеткер пәтеріне қол жеткізу үшін несие ала алады. Тек қасында екі жас қосалқы қарыз алушысы болуы тиіс.Ол екі адам несие алушының туыстары болуы керек. Және табысқа байланысты шарт аясында. Сонда 5-10-20 бағдарламасына қатыса алады», - деді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Орталық филиалының директоры Жансұлтан МАТАЕВ.
С. НАЗАРОВА
Фото: МӘЛІМ КЗ