Ермахан Ыбрайымов жаңа қызметке тағайындалды
28 наурызда Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) директорлар басқармасының дауыс беру нәтижесі бойынша Қазақстанның екі өкілін өзінің басқарушы органдарының мүшесі етіп тағайындады. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан бокс федерациясының менеджері Мейрам Нұртазин жарыстарды өткізу мәселелері жөніндегі комиссия құрамына кірді. Ал Сидней Олимпиадасының чемпионы, Олимпиадалық дайындық орталығының директоры Ермахан Ыбрайымов чемпиондар мен ардагарлер комиссиясының мүшесі болды.
Жаңа тағайындалған қазақстандықтарға хатты AIBA президенті Умар Кремлев жолдаған. Ол Қазақстаннан тағайындалған өкілдердің тәжірибесі мен біліктілігі ұйымды дамытуға елеулі үлес қосатынын айтты. Алдағы уақытта ұйымның жаңа мүшелерімен ертерек танысып, жұмысты бастауды күтіп отырғанын айтқан.
Ыбрайымов пен Нұртазин 2018-2019 жылғы үзілістен кейін AIBA-ның басқару органдарына тағайындаған алғашқы қазақстандықтар. 2014-2017 жылдар аралығында комиссияда Қазақстанның алты азаматы жұмыс істеді. 2019 жылы ұйымдағы реформаларға байланысты барлық комиссиялар таратылып, қазір жаңадан құрылып жатыр.
Айта кетейік, қаңтар айында Ермахан Ыбрайымов Алматы қаласы мәслихатының депутаты атанған болатын.