Есімовтің күйеу баласы Jýsan банктің акциясын сатып алды
Қазақстандық олигарх Ғалымжан ЕСЕНОВ Jýsan-банктің 20% жуық акциясын сатып алды. Бұл туралы Malim.kz «First Heartland Jýsan Bank» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«АТФ банктің бұрынғы акционері Ғалымжан Есенов Jýsan банктің ірі акционері атанды. Ол банктің 19,97% акциясын сатып алған. Сатып алу жөніндегі екі жақты келісімді ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мақұлдаған», - делінген хабарламада.
2019 жылы Әділбек ЖАҚСЫБЕКОВТЫҢ иелігінде болған «Цеснабанк» Jýsan банк болып аты өзгерген еді. 38 жастағы олигарх Ғалымжан Есенов "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Ахметжан Есімовтің күйеу баласы. 2007 жылы Айжан АХМЕТЖАНҚЫЗЫНА үйленген болатын.
Форбс журналының жазуынша, Қазақстандағы ең ықпалды 50-бизнесменнің тізіміне кірген.
Фото ғаламтордан алынды.