Гүл сыйлауға болады, мұғалім мен мектепке сыйлық беруге рұқсат жоқ

Гүл сыйлау - жақсы дәстүр, мұғалімдер мен мектеп әкімшілігіне сыйлық үшін ақша жинауға рұқсат жоқ - Білім және ғылым министрлігі.

Айшолпан КЕРІМ

  • 24.05.2022

Білім және ғылым министрлігі соңғы қоңырау мерекелік шарасында мұғалімдерге гүл сыйлау жақсы дәстүр деп есептейді.

БҒМ баспасөз қызметінің ақпаратынша, соңғы қоңырау дәстүр бойынша 25 мамырда соғылады. 

"Биыл эпидемиологиялық жағдай мектеппен қоштасу мерекесін өткізуге мүмкіндік беріп отыр. Бірақ шара міндетті түрде мектеп қабырғасында ұйымдастырылуы керек. Білім беру ұйымдарына барлық қажетті ұсыныс пен нұсқау берілді", - деді БҒМ мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Кәрімованың сөзінше, биыл елімізде 3,5 миллионнан астам оқушы үшін соңғы қоңырау соғылады. Ал 8 139 түлек - "Алтын белгі" төсбелгісіне үміткер.

Сондай-ақ Кәрімова соңғы қоңырауда ұстаздарға гүл сыйлауға болатынын атап өтті.

"Жыл сайын 1 қыркүйек немесе 25 мамыр қарсаңында қоғамда "Мұғалімге гүл сыйлауға бола ма? Бұл заңбұзушылық болып саналмай ма?" деген сұрақ туындайды. Біздің ұстанымымыз – иә, болады. Бұл жақсы дәстүр ғой", - деді Кәрімова.

Білім министрлігі "Түлек 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі" бітіру іс-шараларын өткізу бойынша ұсыныстар әзірлеген.

Республиканың барлық жалпы білім беретін мектебінде соңғы қоңырау мерекесін бір мезгілде өткізу жоспарланып отыр. Оған мектеп ұжымы, түлектер мен олардың ата-аналары, педагогикалық еңбек ардагерлері, қамқоршылық кеңес мүшелері, демеуші ұйымдардың, білім және ғылым министрлігі мен білім басқармаларының өкілдері қатыса алады.

Мектеп бітіру кешін әр білім ошағы өзі өткізуі керек.

Мектеп бітіру кештерінде келесі шаралар рұқсат етілмейді:

- аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, әртістерді, ақылы жеке студияларды шақыру;

- мерекелік дастархан жаю;

- жалға берілетін автокөліктермен қала (аудан) бойынша экскурсия өткізу;

- мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлық алу үшін ақша жинау;

- мектеп бітіру кештерін ойын-сауық мекемелерінде ұйымдастыру.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін