Киік мүйізін «кәсіпке» айналдырғандар ұсталды

Malim Админ

  • 02.03.2020

Киік мүйізінен дәрі-дәрмек жасалады. Және киік мүйізі қара базарда қымбатқа бағаланады. Осыған байланысты елімізде киік мүйіздерін саудалайтындар толастамай тұр. Батыс Қазақстан облысының тұрғыны 170-тен астам киік мүйізімен ұсталды. Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 28 ақпан күні жедел іздестіру шаралары барысында Орал қаласына қарасты Круглоозерный кенті тұсында 26 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан «ВАЗ-2107» автокөлігі тоқтатылған. Көлік салонынан үш жол сөмкесіне салынған 126 дана киік мүйізі табылды. Күдікті Жаңақала ауданы Мәстексай ауылының тұрғыны болып шықты. Оның мекенжайын тексеру барысында тағы 48 мүйіз тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 399-1-бабы 1-бөлігіне сәйкес (сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі бар, сонымен қатар пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар және олардың дериваттарын заңсыз пайдалану) тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл бап бойынша айыпты адам 7-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын да Батыс Қазақстан облысы тұрғынынан 100-ден астам киік мүйізі тәркіленген. Бөкей ордасы ауданы Бөрлі ауылы маңында осы ауданның 1990 жылғы тұрғынынан 102 дана киік мүйізі табылған. Аталған оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 339-1-бабына (киіктерді заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мемлекетке келтірілген шығын анықталып жатыр. Айта кетейік, күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің жаңа бабы қолданылды. Бұл бап бойынша оның мүлкі тәркіленіп, үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі. Биыл елімізде жаңа жылдан бастап браконьерлікке байланысты заң талаптары қатаңдатылған болатын. Облыста заңсыз киік аулау және сонымен айналысып жүрген қылмыстық топтардың жолын кесу бағытында Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Мақсұтхан Аблазимовтың бұйрығымен тәжірибелі қызметкерлерден жедел тергеу тобы құрылған. Оған департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Асылғали Меңдіғалин жетекшілік етеді.

Елімізде киік мүйізін ең көп заңсыз аулап, сататындар Батыс Қазақстан облысында. Киіктің негізгі ареалы да осы аймақ. 2023 жылға дейін елімізде киік аулауға қатаң тыйым салынған болатын. Мүйіз саудалайтындарға да қатаң заң қолданылады.

Фото: іnform.kz

Байланысты жаналықтар

Ақжайықтың дәрігерлері айтысып жатыр: Заңды белшеден басқан кім?(Видео)

20.10.2021

Қазақстанның бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды

07.12.2020

Есірткіні бизнеске айналдырғандар ұсталды

11.07.2020

Браконьерлікке жұмыссыздық себеп пе?

11.04.2020
MalimBlocks
Ақжайықтың дәрігерлері айтысып жатыр: Заңды белшеден басқан кім?(Видео)

«Жалақымызды заңсыз қысқартып, аурухананың ақшасын өз қалтасына салып отыр».

Қазақстанның бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды

Есірткіні бизнеске айналдырғандар ұсталды

Браконьерлікке жұмыссыздық себеп пе?