Коронавирус: Симптомы бар науқастар саны 14 мыңға жақындады
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде коронавирус анықталғандар саны 13872-ге жетті. Бұл тізімге кірмеген ауру белгілері жоқ коронавирус анықталғандар саны - 3159.
Өткен тәулікте Қазақстанда 944 адамнан коронавирус табылған. Олардың 314-і - ауру белгісі бар, 630-ы - симптомы жоқ тасымалдаушы.
Бір күнде 248 адам жазылған. Барлығы 8593 адам аурудан айыққан.
Соңғы дерек бойынша, Павлодар облысында вирустан тоғызыншы науқас көз жұмды. Ал жалпы, елде COVID-19-дан 68 адам қайтыс болған.
Төмендегі инфографикада симптомы бар коронавирус жұқтырғандардың аймақтардағы статистикасы келтірілген.
Фото: https://ziare.com