Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

М.Әйтенов: Жұма сайын тікелей эфирге шығамын

Сұқбат
М.Әйтенов: Жұма сайын тікелей эфирге шығамын

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тікелей эфирде қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Онлайн қабылдауда баспана, әлеуметтік, инфрақұрылым, білім беру, әлеуметтік көмек және де басқа  мәселелер көтерілді.

 Мәселен, Шаңырақ елді мекеніндегі Көктөбе көшесін асфальттау жұмыстары, Жұлдыз тұрғын алабындағы кәріз жүйесі, Қарабастау тұрғын алабындағы ауыз су жыры айтылды.

– Тұрғындарды қабылдау, арыз-шағымдарын тыңдау – қала әкімі ретінде басты міндетім. Орындалу барысы жіті қадағалауымда болады. Шағымдарды саралай келе әр апта, әлеуметтік желіде пост жариялап, жұма сайын тікелей эфирге шығып тұрамын. Жариялаған посттардың астындағы жазбаларыңыз үнемі бақылауымда. Байқағаным, қабылдауыма жазылғысы келетін қала тұрғындары көп. Өкінішке қарай, карантиндік талаптарға сәйкес, әкімшілікке келіп қабылдауыма жазылу мүмкіншілігі әзірге болмай тұр. Кестеге сәйкес әр айдың бірінші сәрсенбісінде сіздердің сұрақтарыңыз бен арыз-шағымдарыңызды тыңдауға әзірмін, – деді қала әкімі.

Қала әкімі онлайн қабылдау барысында басқарма басшылары және аудан әкімдеріне мәселерді шешу үшін тиісті тапсырмалар жүктеді.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу