Мектептерде буллингке қарсы дәрістер өткізіледі

Malim Админ

  • 27.08.2023

Оқушылардың жеткілікті деңгейде ілім-білім жиюына жағдай жасау үшін қауіпсіздік мәселесі басты назарда болғаны абзал. Жас өрендердің құқығын қамтамасыз ету,  психологиялық тұрғыдан сүйемелдеу ісі жүйелі түрде жүргізілуі қажет. Елордада тамыздың 24-25 жұлдызы өткізілген жыл сайынғы Тамыз кеңесінде де аталмыш тақырып қозғалып, батыл да жүйелі жұмыстардың атқарылу барысы, орындалатын жоспарлар ортаға салынды. Атап айтқанда мектепте орын алатын буллинг, әлімжеттік сияқты келеңсіз жайттарды болдырмау аса маңызды. Осы мақсатта еліміздегі 7000 мектепте тұрақты түрде түсіндіру, ағарту жұмыстары жүргізілетін болды. Енді Ішкі істер саласының мамандары, қорғаныс пен төтеншеліктер шәкірттерге дәріс оқып, орынсыз әрекеттерге тосқауыл қойылмақ. Алдымыздағы екі жылға жоспарланған бірыңғай тәрбие беру бағдарламасы да бала саулығын сақтауды, қауіпсіз орта құруды көздеп отыр.

Тәжірибелі психолог Диана Ғариполлақызымектептерде бала буллинг құрбаны болмасын десек,оның жан-түкпіріне тереңірек үңіліп, зерттеп жұмыс жасауды ұсынады. «Кінәраттың ар жағында қандай балалық өтелмеген қажеттіліктер мен  травма жатыр.  Соны анықтап алуымыз керек.  Неге десеңіз, осы жағдайлар баланың қазіргі іс-әрекетінің нәтижесі. Жалпы, буллинг жасайтын бала өзіндік бағалауы төмен, өзіне сенімсіздіктен  осындай қадамға барады.  Егер ұстаздарының, ата-анасының назары толыққанды берілген болса, бала теріс қылықтарға бармайды, агрессия танытпайды. Мүйіздеуді үйренген, оны жасауға әрекет еткен бала да, шеттету құрбаны да әке-шеше махаббатын сезінбей, мұғалімнің ықыласына бөлене алмағандар.

Демек, білім беретін түрлі ұйымдарда ата-аналарға демеу болатын, қолдау танытатын орталықтардың атқарар жұмысы осы тарапта жүргізілмек.  Себебі, психолог мамандардың ойынша, бұл маңыз беретін өзекті мәселе. Алдымен буллинг жасайтын балалардың психологиялық бет-бейнесі қандай болады, соны анықтап алып, отбасылармен жұмыс істеген дұрыс. Өйткені, бала үшін ең алғашқы мектеп өз үйі, өскен шаңырағы.  Д.Ғариполлақызының пікірінше, әлімжеттік жасаушы  әлеуметтік жағдайы өте төмен немесе өте жоғары отбасылардан шығады.  

«Психологияда базалық қажеттіліктер деген ұғым бар. Ол қажеттілік түрін бала ата-анасынан ғана ала алады. Бес жасқа дейін ата-ана баланың қажет екенін, оның ең маңызды құндылық екенін өзінің қарым-қатынасы арқылы ұғындыра алуы тиіс. Ал бала базалық қажеттілікті – мойындауға, қабылдауға, қауіпсіздікке, махаббатқа деген қажеттілікті ата-анадан ала алмаса оны сырттан іздейді. Әлеуметтік жағдайы төмен және жоғары балалардағы ортақ дүние мейірімге шөлдегендіктен өзінен төмен, әлсіз баланы бопсалау, кемсіту, төмендету арқылы назар аудартқысы келеді». 

Бұдан түйгеніміз, мұндай  іс-әрекеттің барлығы бейсаналы түрде жүзеге асады. Ал отбасылардың дені  проблеманың беткі қабатымен ғана жұмыс істейді. Бұл әрекеттер буллинг мәселесінде нәтиже бермеуі мүмкін. 

Буллингтің шығу себептерінің бірін әлеуметтанушы Айсұлу Молдабекова отбасылардың тұрмыс жағдайынан көреді. Өйткені, баласы өрісте, өзі күнкөрісте жүрген адам ұл-қызына қалай көңіл бөледі?!  Сондай-ақ, келеңсіз оқиғалардың барлығы   баланың психологиялық саулығымен тікелей  байланысты. Бізде физикалық саулыққа көп мән береді де, психологиялық саулықты ешкім өлшемейді. Ата-ананың өзі де баласы қаншалықты психологиялық сау, оған көбіне назар аударылмай жатыр. Психологиялық саулығында ақауы бар балалар не буллинг жасайды, не буллингтің зорлық-зомбылықтың құрбаны болады. 

Осы ретте Астана прокуратурасы проблемамен күресу мақсатында мектептерге арнайы барып,  QR код орнатуды қолға алғанын білеміз.   Игі іс оқушыларға аса қажет. Өйткені, олар әлімжеттікке бой алдырған жағдайда полицияға, мектептегі психологтарға, мұғалімдерге тікелей хабарласа алады.

2021 жылы буллинг табиғатын тәптіштеп түсіндіру мақсатында ұлттық заңнамаға елеулі өзгерістер енгізілген болатын. Нақтырақ айтқанда,   маңызды құжатта әлімжеттік пен  кибербуллингтің ара-жігі, айырмашылығы айқын көрсетілген.  Ішкі істер мен Оқу-ағарту министрліктері өзара бірігіп, 17-18 жасқа жетпеген оқушыларға арнап кемсітуді болдырмаудың талап-ережелерін жариялады.         

Байланысты жаналықтар

Өскеменде қыздар қатарласына буллинг жасаған

07.10.2024

Оқушы қыздар қатарласынан ақша жинап келген

27.09.2024

Астана мектебіндегі буллинг. Қылмыстық іс қозғалды

11.09.2024

Кісі қолынан қаза тапқан оқушының отбасы мәлімдеме жасады

05.09.2024

Ақтөбедегі оқушы өлімі: мектеп директоры қызметінен босатылды

05.09.2024

Биылғы оқу бағдарламасына «Қауіпсіздік сабағы» енгізілді

01.09.2024
MalimBlocks
Өскеменде қыздар қатарласына буллинг жасаған

Мектеп жасындағы қыздар құрбысын бейәдеп сөздермен қорлап, тізерлетіп кешірім сұратқан

Оқушы қыздар қатарласынан ақша жинап келген

Іс материалдары сотқа жөнелтілді

Астана мектебіндегі буллинг. Қылмыстық іс қозғалды

Педагогтердің жауапкершілігі туралы мәселе қаралады

Кісі қолынан қаза тапқан оқушының отбасы мәлімдеме жасады

Төбелеске 15 оқушы қатысқан дейді марқұмның әпкесі

Ақтөбедегі оқушы өлімі: мектеп директоры қызметінен босатылды

Оқиға 2 қыркүйекте Кеңесту ауылында болған

Биылғы оқу бағдарламасына «Қауіпсіздік сабағы» енгізілді

Ол буллингке қарсы сабақ ретінде өтеді