Науырыз мерекесі көшет егумен басталды

Malim Админ

  • 21.03.2021

Шымкенттіктер наурыз мерекесін көшет егу акциясымен бастады. Бүгін Шымкентте Наурыз мерекесіне орай «Таза табиғат» экологиялық жалпыұлттық  акциясы өтті. Қаладағы «Нұрсәт» тұрғын алабындағы «Астана» аллеясында тұрғындармен бірге қала әкімі Мұрат Әйтенов ағаш отырғызып, акцияға қатысты.

Қала басшысы барша тұрғындарды Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтап, әр жылы Наурыз мерекесін көгалдандыру мен тазартудан бастау дәстүрі қажетті және өте пайдалы бастама екенін айтып өтті.  Бұл күні аллеяға Шымкент дендросаябағында өсіп жетілген 250 арша көшеттері егілді.

Жалпы Шымкент қаласында 6 миллионға жуық жасыл желек бар. Өткен жылы 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл белдеу» қалыптастырудың жоспары бекітілген. Жоспар бойынша 6,5 млн түп ағаш егілмек.  Осылайша, қаладағы ағаш қоры екі есеге артпақ.

Байланысты жаналықтар

Ұзынкөлде 1400 ағаш отырғызылды

03.05.2024

«Таза Қазақстан»: Қарағандылықтар орманға 90 түп қарағай көшетін отырғызады

23.04.2024

Наурызнама: Бүгін – Жаңару күні

19.03.2024
MalimBlocks
Ұзынкөлде 1400 ағаш отырғызылды

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданында 1400-ден астам жас көшет отырғызылды. "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында Қостанай облысының әртүрлі аудандарында абаттандыру және көгалдандыру қарқынды жүріп жатыр.

«Таза Қазақстан»: Қарағандылықтар орманға 90 түп қарағай көшетін отырғызады

Көшет отырғызу Қарағанды қаласының 90 жылдығына жоспарланған.

Наурызнама: Бүгін – Жаңару күні

Шара аясында  көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылды.