Нұр-Сұлтанда дәрі бағасын қымбаттатқандар анықталды

Malim Админ

  • 09.07.2020

Елордада дәрі-дәрмек бағасын қымбаттатып сатқан дәріханалар анықталды, деп хабарлайды МӘЛІМ КЗ  қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

«Астана – адалдық алаңы» жобасының менеджерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті жанындағы арнайы мониторингілік топпен және партиялық бақылау комиссиясы мүшелерімен бірлесіп, қаладағы бірнеше дәріханаға мониторинг жүргізді. Бұған азаматтардың дәрі-дәрмектер мен дәріханаларға қатысты шағымдары негіз болды», - делінген ақпаратта.

Мәлім етілгендей, Нұр-Сұлтан тұрғыны «DDM PHARM»-дан (Республика даңғылы, 7) құны 3 705 теңге тұратын 10 мг Амлодимед препаратын сатып алған. Дәрінің бірлігі 327 теңгеден асып кеткен. Ал Sanario дәріханасында (Алматы көшесі, 13) құны 2 500 теңге тұратын ЦЕФ-3 препаратының бағасын көтеру фактісі анықталды. 10 бірлікке 2 950 теңге артық төленген. «Астана – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Мирас Шекенов тәртіп бұзушылық фактісін мойындаған дәріхана басшыларымен сөйлесті.

«Бүгін үш дәріхана тексерілді, олардың екеуінде баға көтерілгені анықталды. Шара қабылдау үшін нәтижелерді фармацевтикалық бақылауға жібереміз. Сондай-ақ ертеңнен бастап қалада барлық дәріханаларды тексеретін партиялық арнайы мониторингілік топтар жұмыс істей бастайтынын атап өткім келеді. Сонымен қатар барлық азаматтарды дәрі-дәрмек бағасының көтерілуі бойынша WhatsApp нөміріне (+7 702 000 24 94) хабарлама жіберуге шақырамын. Медициналық дәрі-дәрмектердің бағасын негізсіз көтеру денсаулық сақтау министрінің бұйрығын бұзу болып есептеледі», - деп атап өтті М.Шекенов.

Егер дәрі-дәрмек бағасы туралы күмән туындаса, DARI.KZ қосымшасы арқылы, ndda.kz сайты немесе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бекітілген бұйрығы (adilet.zan.kz) арқылы тексере аласыз. Бұрын хабарланғандай, елордалық полицейлер медициналық препараттарды заңсыз сату фактілері бойынша рейд жүргізуде. Екі күн ішінде жалпы сомасы 6 млн теңгеге жуық дәрі-дәрмек тәркіленді.

Дереккөз: kazinform.kz

 

Байланысты жаналықтар

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

05.12.2023

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

05.12.2023

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

05.12.2023

Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

04.12.2023

Халық билігін күшейту – демократиялық жүйенің алға сүйреушісі

02.12.2023

Түркістан облысында ел президентінің бастамалары нәтиже беріп жатыр

01.12.2023
MalimBlocks
Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университетінің мәртебесі өзгермейтінін мәлімдеді. Ол “заңды алып тастап, өзгерте алмаймыз” деп отыр.

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

Бүгін Үкімет отырысында көлікпен жүк тасымалдау саласы бойынша мәселесі қаралды. Осы жиында перемерь-министр Әлихан Смайлов жол бойындағы сервистерді әлі күнге дейін дамыта алмай отырғандарына ашынды.

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

Мобилизациямен соғысқа жіберілгендердің әйелдері Владимир Путинмен 14 желтоқсанға жоспарланған тікелей байланыс нөмеріне жаппай хабарлама жіберіп, туыстары қашан соғыстан оралатынын сұраған. 

Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

Тексеріс барысында жіберілген қателер анықталды

Халық билігін күшейту – демократиялық жүйенің алға сүйреушісі

Түркістан облысында ел президентінің бастамалары нәтиже беріп жатыр

Түркістан облыстық «Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова соңғы екі жылда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан саяси реформаларға көңілі толатынын айтады: