«ӨКМ Операторы» ісі. Адвокат материалдармен таныспаған судьяны ауыстыруды талап етті  

Прокурор да, сот та айыпталушының шағымын қарамаған

Malim Админ

  • 17.04.2023

«ӨКМ Операторы» ЖШС-ге қатысты қылмыстық іс бойынша айыпталып жатқан Рустам Темірбектің адвокаты процесті жүргізіп жатқан судьяны ауыстыруды талап етті

«Р.Темірбекті айыптаудың үш эпизоды бойынша қылмыстық қудалауды тоқтату және тергеушінің өтініштерде баяндалған Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 31-тарауының талаптарын орындамауы мәселелері жөніндегі дәлелдерінің ешқайсысы тексерілмеген. Сот оны өз қаулысында теріске де шығармаған. Бұл қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарына қайшы және бұл істі алдын ала тыңдау кезіндегі жүйелі тексерістің болмағанын көрсетеді», - деді адвокат Шолпан Сәрсенова сот  барысында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта прокурор да, сот та айыпталушының шағымын қарамаған. Яғни, осы бөлікте Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптары мүлдем орындалмай отыр.

«Мұндай жағдайларда прокурор шағымды қарағанға дейін іс сотқа жолданбайды. Бұл Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 297-бабы 7-бөлігінде айқындалған», - деп тоқталды Шолпан Сәрсенова.

Оның айтуынша, сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында айыпталушылар қылмыстық іске қатысты материалдарымен де таныспаған.

Алайда, сот басқа судья тағайындау туралы адвокат өтінішін қанағаттандырмады. Айта кетейік, бүгін елордада «ӨКМ Операторы» ЖШС-ге қатысты басты  сот отырысы өтіп жатыр.

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

Мәсімов туралы 72 беттік зерттеу. Экс-шенеунік Наполеонның хаттарын қалай сатып алды?

07.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

Мәсімов туралы 72 беттік зерттеу. Экс-шенеунік Наполеонның хаттарын қалай сатып алды?

Мәсімовтің делдал арқылы "Қазақтелеком" акциясына қалай иелік еткені де айтылады