Премьер-министр: Мемлекет өзінің барлық әлеуметтік міндеттемелерін қамтамасыз етеді

Malim Админ

  • 10.03.2020

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды.

Экономиканың, банк саласының жай-күйі, республикалық бюджеттің орындалуы, мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту туралы ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Ұлттық Банк төрағасы Е. Досаев, Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов, еңбек нарығындағы жағдай және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов, сондай-ақ индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев баяндады.

Осы жылдың қаңтар-ақпанында ЖІӨ өсімі 2019 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 3,3% құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 11,6%-ға, оның ішінде жеке инвестициялар 12,1%-ға өсті. Инфляция 6% мақсатты дәлізде сақталады.

Экономиканың шикізаттық емес салалары, оның ішінде автомобиль жасауды (72,2%) және жеңіл өнеркәсіпті (12,4%) қоса алғанда, өңдеуші өнеркәсіп – 9,4%-ға, құрылыс – 11,9%-ға өсім көрсетті.  Ұлттық қор активтері $61,1 млрд, алтын-валюта резервтері $29,3 млрд құрады.

«Бүгінгі таңда сыртқы экономикалық конъюнктурада теріс динамика байқалып отыр. Бірқатар ірі халықаралық қаржы ұйымдары мен даму институттары биыл әлемдік экономиканың өсу болжамдарының төмендегенін хабарлады. Энергия тасымалдаушыларға бағаның төмендеуінің әсері ОПЕК-тің нарықты тұрақтандыру бойынша үйлестірілген шараларды іске асыруға қатысты келісімге келе алмауы аясында күшейе түсті», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр Мемлекет басшысы жедел әрекет ету республикалық штабын құрғанын атап өтті. Тиісті штабтар барлық өңірлерде құрылған. Үкімет жағдайды одан әрі дамытудың бірнеше нұсқаларын пысықтады, олардың әрқайсысы қажетті ресурстармен, оның ішінде қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілген. Ұлттық экономикаға теріс сыртқы конъюнктурадан әсерлерді азайтуға бағытталған бірқатар шаралар әзірленді.

«Аталған шаралардың негізгі мақсаты – халықтың әл-ауқатының сақталуын қамтамасыз ету. Азаматтарымыздың ешқайсысы қиын жағдайда қалмайды», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы әкімдіктерге әлеуметтік маңызы бар тауарлар бойынша нарықтарда тауар интервенцияларын өткізу үшін тұрақтандыру қорларының тиімді жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Біз отандық кәсіпорындардың тауарлары мен қызметтеріне сұранысты ынталандыру бойынша қолда бар барлық ішкі резервтерді іске қосуымыз керек», — деп Премьер-Министр, импортты алмастыруды күшейту жөніндегі нақты шаралармен жоспар әзірлеуді тапсырды.

Премьер-Министр «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға, ұлттық басқарушы холдингтерге және Үкіметке есеп беретін басқа да ұйымдарға валюта нарығындағы өз операцияларын Ұлттық Банкпен келісуді тапсырды.

Қаржы министрлігіне мемлекеттік органдармен бірлесіп, бір апта мерзімде басым емес инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімін ауыстыра отырып, бюджеттік шығыстардың басымдықтарын қайта қарау жөнінде ұсыныстар енгізу тапсырылды.

Үкімет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне уақытылы әлеуметтік төлемдерді толық көлемде қамтамасыз етуге және жұмыспен қамтудың жаңа Жол картасын әзірлеуге тапсырма берді, оның аясында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, әлеуметтік нысандарды жөндеу және елді мекендерді абаттандыру жөніндегі жұмысты күшейту, сондай-ақ әкімдіктермен бірлесіп азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуына қатаң бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.

«Біздің ортақ міндетіміз – әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және жұмыспен қамту. Әрекет етіп тұрған жұмыс орындарын сақтауға және жаңа жұмыс орындарын құруға ерекше назар аудару қажет. Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері орындалатынын атап өткім келеді. Барлық зейнетақы мен жәрдемақы уақытылы әрі толық көлемде төленеді», — деп түйіндеді  А. Мамин.

Дереккөз: primeminister.kz

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін