Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Пригожиннің ұшағындағы адамдар анықталды

Сұқбат
Пригожиннің ұшағындағы адамдар анықталды

Вагнер жалдамалы әскердің иесі Евгений Пригожинмен осы топтың әскери командирі Дмитрий Уткиннің мәйіттері ұшақ құлаған жерден табылған. Бұл туралы Кремльге жақын деп саналатын ВЧК-ОГПУ телеграм-каналы хабарлады.

«Пригожин мен Уткиннің мәйіттері табылып, кім екені анықталды. Ресей уақытымен сағат 21:30-да Пригожин ұшағындағы 10 адамның барлығының мәйіті табылды. Негізгі ресми нұсқа – «аспандағы жарылыс»,- делінген хабарламада.

Ресейдің Росавиация мемлекеттік агенттігі де Пригожин мен Уткиннің қайтыс болғанын растады.

«Әуе компаниясының мәліметінше, Embraer - 135 бортында келесі жолаушылар болған: Пропустин Сергей, Макарян Евгений, Тотмин Александр, Чекалов Валерий, Уткин Дмитрий, Матусеев Николай, Пригожин Евгений. Экипаж мүшелері: командир – Левшин Алексей, екінші ұшқыш – Кәрімов Рустам, стюардесса – Распопова Кристина.

Қайтыс болғандардың арасында Пригожиннің тағы бір орынбасары – «Вагнер» қауыпсіздік қызметінің жұмысын басқарған Валерий Чекалов та бар. Ол кәсіпкердің барлық қимыл-қозғалысын білетін жалғыз адам болатын. Өйткені көлік логистикасын басқарған.

Кеше Ресейдің Тверь облысында Вагнер компаниясының басшысы Евгений Пригожинге тиесілі ұшақтың апатқа ұшырағанын көрген  куәгерлердің айтуынша, әуелі екі жарылыс дыбысы естілген, содан кейін ұшақ құлап, бөлшектеніп кеткен.

Желіде ұшақ қалдықтарының суреттері пайда болды. Суретте әуе шабуылына қарсы қорғаныс зымырандарының тескен сынықтарда кездеседі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу