Қаңтарда көлігінде жанып кеткен желтоқсаншылардың ісі тоқтатылды      

"Төтенше жағдай кезіндегі әрекеті заңды" деп жазылған. 

Malim Админ

  • 11.04.2023

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда    әскерилердің атқан оғынан  көлігінде өртеніп қаза тапқан ерлі-зайыпты желтоқсаншылар  Қуат Біткембаев пен Гүлзифа Құлсұлтановаға қатысты тергеу ісі тоқтатылды. Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы оларды  атқан әскерилер  қызметтік өкілетін асыра пайдаланған жоқ деген мәлімдеме жасады.  

 Әскери-тергеу басқармасының қаулысында «48/386 әскери бөлімінің жауынгерлерінің 2022 жылдың 7 қаңтарындағы жаппай тәртіпсіздік, антитеррористік операция мен төтенше жағдай кезіндегі әрекеті заңды» деп жазылған. Блокпостта тұрған жауынгерлер тергеуде көлік ескертуге тоқтамады, оқ атуға тура келді деп жауап берген. 

 Марқұмдардың ұлы Дәурен Біткенбаевтың  істің тергелуін әділетсіз деп бағалайды. Тергеу ісі 1 жыл екі айға созылып келген.  Ол сараптамаға берілген мәйіт сүйектері де толық қайтарылмағанын айтады.   

«Ата-анам Сәтбаев пен Назарбаев көшесінен өтіп бара жатқан.  Сол кезде ту сыртынан әскерилер оқ жаудырған. Шамамен 50 шақты оқтың бірнешеуі бензин багына тиген болуы керек. Содан көлік өртеніп, әкем мен анам жанып кеткен. Өртенген көліктің сол жерде үш күн бойы тұрып қалғанын бірақ білдік» дейді ол.  


 

Байланысты жаналықтар

Қаңтар оқиғасында ұсталған адамды азаптаған полицей сотталды

13.11.2024

Тоқаев Мәсімовке рақымшылық жасау мәселесіне нүкте қойды

23.07.2024

 «Хабар» арнасының басшылығы тікелей эфирде көрсетілген бағдарлама үшін көрерменнен кешірім сұрады

13.03.2024

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

18.09.2023

Тараз тұрғыны қаңтар оқиғасында ҰҚК шендісін өлтірді деген айыппен 16 жылға сотталды

04.05.2023

«Әуежайды басып алу ісі». Сотталушылар кінәсін мойындамады

04.04.2023
MalimBlocks
Қаңтар оқиғасында ұсталған адамды азаптаған полицей сотталды

Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеп-тексерді

Тоқаев Мәсімовке рақымшылық жасау мәселесіне нүкте қойды

Мәсімовтің өтініші президент жанындағы кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияда қаралды

 «Хабар» арнасының басшылығы тікелей эфирде көрсетілген бағдарлама үшін көрерменнен кешірім сұрады

«Бірақ...» бағдарламасының эфирге шыққанына 2 күн ғана болған.

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

Жауаптардың құпия болуы Самат Әбішті жасырып қалу үшін жасалған

Тараз тұрғыны қаңтар оқиғасында ҰҚК шендісін өлтірді деген айыппен 16 жылға сотталды

Аталған сот ел арасында "аруақтар соты" деген атаумен сынға ұшырады

«Әуежайды басып алу ісі». Сотталушылар кінәсін мойындамады

Оларға ҰҚШҰ әскерінің келуіне жол бермес үшін тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып тағылды