Қазақстанда 16 мыңнан астам шетелдік азамат жұмыс істеуде

2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 16 059 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан Республикасының аумағында еңбек етуде.

Сабира Жанаберген

  • 18.11.2021

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат – 647 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 222 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары).

«Тартылған ШЖК-нің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 746 адам және 718 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 769 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 1 957 адам тартылған.Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 739 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 458 мыңнан астам Қазақстан азаматтары жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 97%-ын құрайды»,-делінген министрлік хабарламасында.

Еңбекші мигранттар шығатын негізгі елдер келесі: Қытай – 4 068 адам,  Түркия – 2 069 адам, Өзбекстан – 1 782 адам, Үндістан – 1 212 адам, Ұлыбритания – 1 047 адам.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді. 2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ды немесе 29,3 мың бірлікті құрады.

Байланысты жаналықтар

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

12.05.2025

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

12.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады