Қазақстанда бала туу көрсеткіші төмендеген. Мамандар себебін айтты

Осымен екінші жыл туу көрсеткішінің азайғаны байқалады

Malim Админ

  • 05.04.2023

Қазақстанда бала туу көрсеткіші тым төмендеп  кеткен.  Мамандар неіліктен елді мұндай үрейлі цифр қалыптасқанын түсіндірді.

Соңғы бір жылда елімізде 262 мың сәби дүниеге келген. 2019 жылға дейін орта есеппен 400 мың бала туған. Бұл жағдайдың себебін социолог пен экономист маман тарқатып айтты.

Елде осымен екінші жыл туу көрсеткішінің төмендеуі байқалады. Бұған дейін 90-шы жылдары адамдардың шетелге кетуіне және болашаққа деген сенімсіздікке байланысты халықтың көбеюі төмендеген. Ал қазір сол кезеңнің бала туу жасына жеткен ересектер саны 80-ші жылдармен салыстырғанда екі есеге аз.

«Қазір Қазақстан демографиялық саңылау алдында тұр. Өйткені бала туу жасындағылар азайып барады. Алдағы 10 жылда туу көрсеткіші төмендейді. Кейін 10 жылдан соң қайта өсе бастайды», –  дейді әлеуметтанушы Жанар Жандосова.

Қазіргі жастар экономикалық тұрақтылықтың жоқтығынан балалы болуға соншалықты белсенді емес. Бұл әсіресе ауылдарда байқалады.

Әлеуметтік мәселелерді талдау орталығының директоры Меруерт Махмұтова қалаларда инфрақұрылым, денсаулық сақтау, білім беруде жағдай жасалғандықтан туу көрсеткіші ауылға қарағанда жоғары екенін айтады.

«Соңғы 30 жылда ауылдарда барлық инфрақұрылым біртіндеп жойылды. Жұмыс орындары жоқ. Бұл ауылдың мемлекеттің назарында болмағанының салдары», – деді маман. 

Фото: Zakon.kz         

Байланысты жаналықтар

Euro 2024: Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді

10.09.2023

Қазақстандық оқушылар олимпиадаларда үздік атанды

29.07.2023

Ғ.Жақиянов: Билік біздің орнымызға ештеңе шешпеуі керек

12.07.2023

Ғ.Жақиянов: Путиннің дәуірі аяқталған соң не болмақ?

11.07.2023

Мерекелер елдің құндылықтарын жаңғыртады

13.06.2023

Ердоғанның билікте қалуы Орта Азияға қалай әсер етеді?

29.05.2023
MalimBlocks
Euro 2024: Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді

Алаңның екі қанатынан жиі шабуыл ұйымдастырды

Қазақстандық оқушылар олимпиадаларда үздік атанды

Ғ.Жақиянов: Билік біздің орнымызға ештеңе шешпеуі керек

Путиннен кейін орыс «көке» болмайды

Ғ.Жақиянов: Путиннің дәуірі аяқталған соң не болмақ?

Біз Ресейге тәуелді боп қала береміз бе, әлде енді шығысымыздағы «ұлы» көршіміздің бодандығына кіреміз бе?

Мерекелер елдің құндылықтарын жаңғыртады

Ердоғанның билікте қалуы Орта Азияға қалай әсер етеді?

Қазірдің өзінде ұлттық валюталары рекордтық деңгейде құлдырап кеткен