Қазақтар мінген қымбат яхта Италияда өртенді (видео)

Malim Админ

  • 27.08.2020

Voice of America-ның хабарлауынша, Сардиния жағалауында, Жерорта теңізінде 50 метрлік яхта өртенген.

Италияның жағалау күзет қызметі Жерорта теңізінде 50 метрлік яхтаның өртеніп, суға батып бара жатқан видеосын жариялады. Жағалау күзет қызметінің хабарлауынша, олар Lady MM яхтасына мінген 17 адамды құтқарған.

Италияның ANSA жаңалықтар қызметі яхта Сардинияның солтүстік-шығыс жағалауындағы Капо Коминодан 96 шақырым жерде өртенгенін хабарлады. Яхтада болған 17 адамның 9-ы экипаж мүшесі болса, 8-і Қазақстаннан келген туристер. Күзет қызметінің айтуынша,  яхтадан дабыл түскен соң екі қайық пен вертолет жіберіп, яхтадағы адамдар құтқарылған. Ешкім жарақат алмаған.

Басқа ағылшынтілді басылымдар да яхтада ұлты қазақ сегіз адамның болғанын жазып жатыр.

Lady MM яхтасына мініп саяхаттауды анау-мынау қазақтың қалтасы көтере бермейді. Яхтаны 2003 жылы ISA компаниясы салған. Яхтаның дизайнын атақты яхта дизайнері Уолтер Франчини жасаған. Яхта 10 қонақ және 10 экипаж мүшесі сыйдыра алады. Яхтада бір VIP-каюта, бір екі адамдық каюта мен екі адамдық екі каюта бар.

[embed]https://youtu.be/BJQGcCh1Vkw[/embed]

Мұндай яхтаны жалға алу құны аптасына 150 мың еуродан басталады. Осыдан-ақ Lady MM  яхтасын Италияға қарапайым турист болып баратын қарапайым қазақ мінбегені түсінікті. Яхтаның сән-салтанатты каюталарына қарап, оған теңізде криузбен жүруді әдетке айналдырған ауқатты қазақтар мінгенін аңғарасың. Ал қазір Италия қазақстандықтарды індетке байланысты шекарадан кіргізбейтіндіктен, бұл Италияда өмір сүретін қазақтар болуы әбден мүмкін.

Lady MM яхтасының іші осындай болған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа сайттарға материалды көшіріп басуға болмайды. 

Байланысты жаналықтар

Миланда Қазақстан компанияларының алғашқы сауда-экономикалық миссиясы ашылды

08.10.2024

Израильдің футбол жанкүйерлері Газадағы соғысты тоқтатуға шақырды

10.09.2024

Грекияда өртенген арал: Данияр Әбілғазин мәлімдеме жасады

01.07.2024

Испания топтан шығып, Италия плей-офф кезеңіне жолдама алды

25.06.2024

Еуро-2024: екі тең ойын және «өлім тобындағы» жеңіс

21.06.2024

Еуропа чемпионаты аяқталды. Доннарумма – үздік ойыншы

12.07.2021
MalimBlocks
Миланда Қазақстан компанияларының алғашқы сауда-экономикалық миссиясы ашылды

Бұл Қазақстан-Италия қарым-қатынасын нығайтудағы маңызды қадам болды

Израильдің футбол жанкүйерлері Газадағы соғысты тоқтатуға шақырды

Газа секторындағы қақтығыс 2023 жылы 7 қазанда басталған

Грекияда өртенген арал: Данияр Әбілғазин мәлімдеме жасады

Ол өртке себеп болған отшашулар атылған Persephoni I яхтасын жалға алғанын мойындады.

Испания топтан шығып, Италия плей-офф кезеңіне жолдама алды

Бүгін B тобының мәселесі шешілді

Еуро-2024: екі тең ойын және «өлім тобындағы» жеңіс

Бұған дейін Германия плей-оффке шыққан.

Еуропа чемпионаты аяқталды. Доннарумма – үздік ойыншы