Қытайдағы туыстарына араша сұрағандар ұсталды

Malim Админ

  • 01.07.2021

1 шілдеде таңертең Алматы полициясы Қытай консулдығы алдындағы пикетті түсіріп жүрген белсенді Байболат Күнболатұлын үйінен ұстап әкетті.

Бейсенбі күні Байболатпен қатар оның шешесі Зауатхан Тұрсын, "Нағыз Атажұрт еріктілері" ұйымының жетекшісі Бекзат Мақсұтханның ұсталғаны хабарланды.

"Күйеуімді 9.30 мен 10 аралығында ұстап әкетті. Менің енемді есігінің алдынан ұстап әкеткен. Ол Ақжарда тұратын. Неге алып кете береді? Қандай заң бар?" деді Бақыт Сембайқызы Азаттық тілшісіне. Оның сөзіне қарағанда, полиция қызметкерлері ұстау кезінде "өзі мен күйеуіне күш қолданған".

Бекзат Мақсұтханның әйелі Нұргүл Ибраева күйеуінің әп-сәтте "ұшты-күйлі жоғалып кеткенін" айтады. Оның сөзіне қарағанда, 1 шілдеде таңертең күйеуі оны үйінің сыртында күтіп тұрған.

– 10 минуттан соң шықсам, ұшты-күйлі жоқ. Жарты сағат күттім. Әлі қайда екенін білмеймін. Соған қарағанда оны полиция ұстап әкеткен сияқты. Телефоны сөндірулі тұр, - деді Нұргүл Ибраева. Сәлден соң ол күйеуінің Алатау ауданының полиция басқармасында екенін хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, Байболат Күнболатұлы мен анасын Наурызбай ауданының полиция бөлімшесіне алып кетуі мүмкін. Сағат 10 жарым шамасында ол жаққа Байболат Күнболатұлының әйелі екі баласымен барды. Оны полициядағылар ішке кіргізді. Ал журналистерді кіргізбеді.

Полиция оқиғаға әзірге түсініктеме берген жоқ.

Желіде Қытай консулдығы алдында пикет өткізіп жүрген тағы бірнеше адамның ұсталғаны жайлы ақпарат тарап жатыр. Азаттық тілшісі ақпаратты анықтап жатыр.

1 шілдеде Қытай коммунистік партиясының құрылғанына 100 жыл толды. Наразылардың туыстары ұстауларды осы күнмен байланыстырады.

"Қазақстан Қытайдың көңіл-күйін түсірмес үшін, бүгін елшілікте наразылық болмас үшін бәрін ұстап әкетті" дейді Байболаттың әйелі.

Қытайдың Алматыдағы консулдығы алдында пикеттердің өтіп жүргеніне 140 күннен асты. Наразылар Қытай билігінен Шыңжаңда "жазықтан-жазықсыз" қамалған жақындарын босатуды талап етеді. Әлі күнге дейін консулдықтан наразылардың алдына ешкім шыққан жоқ.

Сәуір айында Қытайдың Қазақстандағы елшісі Шыңжаңда қамалғандардың "Қытай азаматы" екенін және олардың "Қытай заңын бұзғанын" айтқан. Қазақстан сыртқы істер министрлігі "өзге елдің ішкі ісіне араласа алмайтынын" айтып келеді.

Бұған дейін Алматы соты Қытай консулдығы алдында пикет өткізген адамдарды бірнеше рет әкімшілік жауапқа тартқан. Қытайда қамалған інісіне араша сұраған белсенді Байболат Күнболатұлы 29 маусымда 8 күндік әкімшілік қамаудан босап шыққан болатын.

Осы аптада АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер АҚШ Шыңжаңдағы туыстарына араша сұрап, Қытайдың Алматыдағы консулдығы алдында наразылық өткізіп жүрген азаматтардың бейбіт жиналу құқығын қолдайды деп мәлімдеген.

Бұған дейін халықаралық ұйымдар мен Батыс елдері Пекинді Шыңжаң өлкесінде ұйғыр, қазақ, қырғыз және өзге де мұсылман топтарға "геноцид" жасады деп айыптаған. Пекин мұны жоққа шығарған.

 

Байланысты жаналықтар

Казахстанцам придется копить на высшее образование детей

02.10.2023

Деструктивті діни ағымның жақтаушылары қолға түсті

29.09.2023

Қобыз үні ұйқысыздық дертінен айықтырды

27.09.2023

Почему 300 тысяч в месяц – это не «классно», объяснила министр

26.09.2023

До полудня все вытрезвители Казахстана заполнены – МВД

26.09.2023

Ұшақ апатынан сүйектері үгітілген адамды аяққа тұрғызған

25.09.2023
MalimBlocks
Казахстанцам придется копить на высшее образование детей

С 2024 года в Казахстане введут накопительную систему "Келешек", инициированную правительством.

Деструктивті діни ағымның жақтаушылары қолға түсті

«Ұрлық» бабы бойынша ауыр қылмыс жасағаны үшін іздестірілген

Қобыз үні ұйқысыздық дертінен айықтырды

Науқас үш ай бойы мүлдем ұйықтай алмаған     

Почему 300 тысяч в месяц – это не «классно», объяснила министр

Несогласие с нашумевшими расчетами о минимальной зарплате в 300 тысяч тенге депутата мажилиса Рината Заитова выразила министр труда и социальной защиты населения Светлана Жакупова.

До полудня все вытрезвители Казахстана заполнены – МВД

МВД заявляет об острой нехватке вытрезвителей. Это мешает превенции, так как большинство бытовых преступлений казахстанцы совершают в состоянии опьянения.

Ұшақ апатынан сүйектері үгітілген адамды аяққа тұрғызған

Жалпы саны 24 операция жасалған