Шахмат. Олимпиада, челлендж және оқушылар

  • 12.04.2023

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен  оқушылар арасында шахматтан республикалық олимпиада өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша бас жүлдені Астана қаласының командасы алды, ал, екінші орын Алматы қаласына, үшінші орынды Батыс Қазақстаннан келген командаларына бұйырды.

«Олимпиада халықаралық шахмат федерациясының ережелеріне сәйкес рапид форматында өтті. Төрешілер оқушылардың талаптары мен шеберлік танытуларын жоғары бағалап отыр. 2 сынып пен 11 сыныптарының оқушылары арасындағы бұл сайыс алғаш рет өтір отыр, сонымен қатар бұл бастама одан әрі жалғасын таба бермек», - деді Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Сағдат Садықов.

Шахматтан республикалық олимпиадаға республикамыздың барлық өңірінен жүзге жуық 2-11 сыныптар арасындағы оқушылар қатысты. Олимпиадада жеңіске жеткен оқушылар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар,12 сәуір күні  Республикамыздың жеті мыңнан астам оқу ошақтарының оқушылары Астана уақытымен сағат 12:00 де шахматтан челленджге қатысты.

Челленджді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бастап берді. Сондай-ақ, министр зияткерлік спорттың маңыздылығы туралы айтты.

 «Мемлекет басшысының қолдауымен білім беру ұйымдарында «Мектептегі шахмат» жобасы жүзеге асуда.  Өскелең ұрпақтың осы спорт түріне қызығушылық танытып жатқаны қуантады. Шахматты ойнау арқылы, ақыл – ой дамып қана қоймай, еңбекқорлық пен табандылық, қайсарлық қасиетіңізді тәрбиелейсіз», - деді челленджге қатысушы оқушыларға.

Мұндай ауқымды іс-шара елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Челлендж арқылы балалар мен жасөспірімдер өздерінің жетістіктері мен дамуына мүмкіндік алады. Спорттың осы түрі балалардың ақыл-ойларының дамуы мен бәсекелестік қабілілеттеріне  және зеректігіне, шапшаң ойлау мен табандылық қасиеттерінің шыңдалуына ықпал жасайды. Шахматтан елімізден республикалық тіпті, әлемдік жарыстарға шығып жатқан оқушыларымызда жоқ емес.

Шахматтан республикалық челленджге елімізден бір сәтте миллионға жуық оқушы қатысты.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін