СЭС басқармасы өмірде жоқ күзет қызметіне миллиондар жұмсаған

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 23.04.2021

Алматыда санэпидемстанция басқармасы өмірде жоқ күзет қызметіне миллиондаған теңге қаржы жұмсаған. Бұл жөнінде белгілі дәрігер Қайырғали Көнеев мәлімдеді.

«Қоғамдық жұмыстарымның аясында Алатау аудандық СЭС-нің 5 миллион теңге бюджет қаржысын өмірде жоқ күзет қызметіне жұмсағанын білдім. Яғни, бюджет қаржысын жымқырған. Осы мәлімет бойынша, Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сұрау салдым. Бүгін расталған жауап алдым. Шынымен де СЭС басшылары бюджеттен өмірде жоқ күзет қызметіне 5 миллион теңге бөлген», - дейді Көнеев.

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті дәрігер сұрауына берген жауабында 2 жылдан бері Алатау ауданының СЭС-і күзетсіз жұмыс істеп келгенін және тексеру құжаттары құқық қорғау органдарына табысталғаны жөнінде айтылған.

«Департамент басшысының бастамасы бойынша 01.05.2020 және 01.02.2021 жылдар аралығында басқармада (Алатау ауданының СЭС-і-ред) күзет қызметінің болмауына байланысты тексеру жүргізді. Тексеру барысында басқармада соңғы екі жылда күзет қызметі болмағаны анықталды. Тексеру құжаттары тергеу жұмыстарын жүргізіп, құқықтық-нормативтік актілерге сәйкес шараларды қабылдау үшін Алматы қалалық ҰҚК арқылы құқық қорғау органдарына берілді», - делінген департамент берген жауапта.

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

Алматыда жер сілкінді

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды