Соңғы жазба: "Еш жерің ауырмай оянудың өзі бақыт"

Malim Админ

  • 18.05.2020

Білу - бөлек , түсіну - басқа.
Жыл басынан бергі ішкі арпалысқа толы күндерімде, ұйқысыз түндерімде үш нәрсені тереңірек түсіндім...

Бірінші,

Ұстазым жиі айтатын "бұл өмірде ақшадан да, биліктен де құдіретті дүние бар. Ол- ниеттің, тілектің, батаның күші" деген сөздің рас екенін.

Екінші, халқымыздың "басты байлық - денсаулық" деп бір ауыз сөзбен айта салған даналығына бас идім. Ұйқы тыныш, тәбетің жақсы боп, ертеңгісін еш жерің ауырмай оянудың өзі жарты бақыт екенін ұқтым.

Үшіншіден, бабаларымыз қалдырған "Байлық - қолға ұстаған мұз, Бақыт - басқа қонған құс, Бала - артта қалар із, бұл өмірдің қызығы - Сіз бен Біз" деген сөзінің тұтас өмірлік философия екенін, өмірдің мәні де, сәні де сыйластықта екенін әр клеткаммен сезіндім.

Менің ешқандай "заслугам" жоқ туған күнімде ақжарма тілегін ақтарған баршаңызға мың қайтара алғыс айта отырып, бір-біріміздің тілеуімізді тілеп, денсаулықтың қадірін біліп, бір-бірімізді шын көңілмен құрметтей білейікші дегім келеді. Бар болыңыздар!!!

Белгілі тележүргізуші Бейсен ҚҰРАНБЕК фейсбук әлеуметтік желісінде бұл жазбасын былтыр 2019 жылдың 9-шы желтоқсанында қалдырыпты.

Байланысты жаналықтар

"Жарқын жүзді адам еді": Мысырда қаза тапқан әйел туралы айтылды

19.05.2025

Журналист Диас Ахметшәріп комаға түсті

07.05.2025

Журналист Думан Мұхаммедкәрім 90 күнге карцерге қамалды

26.04.2025

Блогерлер мен журналистер арандатумен айналысып жүр - Тоқаев

24.04.2025

«Қазақ қыздары үшін»: Дина Төлепберген сайлауға түсетінін мәлімдеді

15.04.2025

Украинаның Сумскі қаласына жасалған соққыдан 100-ден аса адам жараланды

14.04.2025
MalimBlocks
"Жарқын жүзді адам еді": Мысырда қаза тапқан әйел туралы айтылды

Журналист Диас Ахметшәріп комаға түсті

Ол — еліміздегі алғашқы спорт арнасы «Қазспорттың» тұңғыш директоры болған

Журналист Думан Мұхаммедкәрім 90 күнге карцерге қамалды

Блогерлер мен журналистер арандатумен айналысып жүр - Тоқаев

«Қазақ қыздары үшін»: Дина Төлепберген сайлауға түсетінін мәлімдеді

Тележүргізуші ел күтпеген мәлімдеме жасады.

Украинаның Сумскі қаласына жасалған соққыдан 100-ден аса адам жараланды

Журналист Нұргелді Әбдуғани Украинадағы Сумскі қаласына жасалған соққы туралы айтты