Тағы екі адамнан коронавирус табылды
Бүгін бас қалада онлайн брифинг өткізген денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елде коронавирус жұқтырғандар саны 8 адамға жеткенін хабарлады.
"Бүгін қосымша екі науқас тіркелді. Бірінші науқас – әйел адам. Ол инфекциялық стационарда изоляцияда жатқан пациент. Бұрын күйеуінде диагноз анықталып, жақын контакт ретінде изоляцияда жатқан. Сонда қосымша диагностика нәтижесінде коронавирус табылды. Онымен байланыста болған адамдар қазір изоляцияда. Екінші науқас – ер адам. Ол кеше Сеул-Алматы бағыты бойынша ұшақпен келген. Ұшқпен келген 130 жолаушының 9-ы трансфермен басқа бағыттарға кетті, қалған жолаушылардың бәрі карантинге жатқызылды, қалаға ешкім кірген жоқ", – деді Е.Біртанов.