Талдықорғанда 120 отбасы баспаналы болды

Берік Жанатханұлы

  • 16.12.2020

Тәуелсіздікке тарту: Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында 120 коттедж пайдалануға берілді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ляззат ТҰРЛАШЕВ пен қала әкімі Ғалымжан ӘБДІРАЙЫМОВ тұрғындарға салтанатты түрде кілттерін тапсырды. Бұл туралы Malim.kz сайтының өңірдегі тілшісі хабарлайды.

Коттедж қалашығының бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша жалпы ауданы 56,6 мың шаршы метр, құны 8,5 млрд.теңге болатын 620 жеке тұрғын үй құрылысы қарастырылған.  Бүгінгі күнге дейін аумағы 19,5 мың шаршы метрді құрайтын 228 коттеджге бұқара тұрақтанды. Мұнымен өңір халқын баспанамен қамту ісі толастап қалмады. Еліміздің басты мерекесіне орай, ауданы 12,3 мың шаршы метр болатын 120 үй қолданысқа берілді.  Аталған нысанды салуға 887,0 миллион теңге қаржы жұмсалған.  Ел игілігіне берілген бұл үйлер 12 бөлікке бөлінген, әр бөлімде 4 үй жапсарласа салынған.  Бұл өңір басшылығының тұрғындарға деген қамқорлығы.

«Білектің күшімен найзаның үшімен бабаларымыз қорғаған тәуелсіздік мерекесі құтты болсын. Жыл сайын облысымызда көптеген ғимараттар салынып жатыр. Құрметті Талдықорғандықтар, қымбатты қонақтар, ұлы мерекеміз тәуілсіздік мейрамы құтты болсын. Елбасының бастамасымен, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауымен іске асырылған «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы халық баспаналы болып жатыр. Бұл соның нәтижесі. Екі жылда облыста көп өзгеріс болып, тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Екі жыл алды салынған үйлердің ауданы 79 мың шаршы метр болса, биыл ол көрсеткіш 131 мыңға жетіп отыр. Келер жылы 211 мың шаршы метрден асады деген мақсатымыз бар. Үйлеріңіз жанға толсын, қуаныштарыңыз ұзағынан болсын»,- деді құттықтау сөзінде Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ляззат Тұрлашев.

Жаңа қонысқа табиғи газ кіргізілген. Сондай-ақ, су құбыры орнатылып, кәріз жүйесі тартылған. Көпшілікке пайдалануға берілген баспананың құрылысын «Техноснаб 2002» ЖШС жүргізген. Дәл осы күні құтты шаңырағына қол жеткізгендердің қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар мен оларға қараушы азаматтар, медицина қызметкерлері, зейнеткерлер мен тұрғын үй құрлыс жинақ банкнің салымшылары және толық емес отбасылар мен көпбалалы анадар да бар.

«Көпбалалы ана ретінде баспаналы болып жатқан жайымыз бар.Үйлеріміз құтты болсын. Мынандай жер үй алып жатырмыз. Жылы екен. Осындай қуанышқа бөлеп жатқан Қазақстанымыз қркендеп өсе берсін», - дейді көпбалалы ана Майра Үсенова.

Ұлық мейрамның қарсаңында жаңа үйге қоныстанушылардың бірі ақ халатты абзал жан, Елдос Смайылов.

« Мен облыстық онкологиялық диспансерінде қызмет етемін. Мамандығым дәрігер-хирург. Семей қаласынан жұмыс бабымен наурыз айларында ауысып келдім. Бүгін біз үшін өте ерекше күн. Тәуелсіздік күніне орай үйлі болып жатырмын. Пандемия өршіп тұрған сәтте күн-түн демей жұмыс жасадық. Сол кездегі еңбек ақталды деген осы шығар. Осындай жағдай жасап отырған Елбасына, Президентімізге, Облыс басшысы Амандық Ғаббасұлына мың алғыс. Еңбегімізді елеп шаңғырағымыздың кілтін табыстап жатыр. Өзімнің 4 балам бар. Соны ескеріп мемлекет тарапынан тегін үй беріп отыр. Біздің ұжымнан 5 адамға коттедж қалашығында тұру бұйырыпты, солардың бірі өзім болғаныма қуаныштымын»,-дейді дәрігер-хирург Елдос Ершатұлы.

Алматы облысында мемлекеттің  арқасында үйге қолы жеткендер тек жан кешті мамандық иелері ғана емес, толық емес отбасының өкілдері де бар. Өңір өркендесін  десе елдің жағдайы жақсаруы тиіс деген ұстанымды назарға алған Жетісу жерінің басшылығы мұндай азаматшаларды да өз қамқорлықтарына алып келеді.

Бұл қатардан қала тұрғыны Шолпан Мұхамеджанованы  да көруге болады.

« Бүгін ақ түйенің қарны жарылған күн. Көптен күткен кезегім келді.  Жалғыз басты анамын. Көзімнің ағы мен қарасы болған қызымды өзім жеткіздім. Қанша қиындық болса да жақсылықтан күдерімді үзбедім. Бүгін сол үмітім ақталды. Елінің ертеңі мен жай-күйін ойлаған мемлекетімізге рахмет»,-деді өз сөзінде.

Алдағы уақытта да  жаңа қоныстың кілті табысталады. Мәселен, ағымдағы жылдың 30 желтоқсанына жалпы ауданы 12,2 мың шаршы метр 133 үйді пайдалануға беру жоспарланған.  Негізінде биылғы жылы аумағы 24,8 мың шаршы метр болатын 253 коттедждің құрылысы жүргізілуде.

2021 жылы көлемі 12,6 мың шаршы метр  139 коттеджді пайдалануға беру көзделген, оның ішінде:

-бюджет қаражаты есебінен жалпы ауданы 9,0 мың ш. м. 96 коттедж үй;

— жеке инвестициялар есебінен 3,6 мың шаршы метр  43 коттедж өз иесін табады деп күтілуде.

Тәуелсізідк күні қарсаңында бұндай қоныс тойлар Алматы облысының Іле, Қаратал, Қаскелен т.б аудандарын болды.

Байланысты жаналықтар

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

30.06.2024

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

28.06.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

27.06.2024

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

25.06.2024
MalimBlocks
Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

«Жас бүркіт» деп аталатын 7 спорттық әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

Тәңіріміз сыйлаған құтымыздың Иесі болуымыз керек!

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

Ұлттық нақышты киім-кешекке принт түрінде түсіріп, ұлттық сананы жаңғырту жолдарын іздеген дарынды суретші, ұлт жанашыры Аңсаған Мұстафамен әңгімелесудің сәті түсті.