ТЕСТ. АБИТУРЕНТ. ШЕКТІ БАЛЛ.

​Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) 2023-2024 оқу жылына отандық жоғары оқу орындардарына түсуге арналған ҰБТ-ның шекті балдарын жариялады.

  • 09.06.2023

​Министрлік белгілеген шекті балдар биыл өзгерген жоқ:

* «Құқық» және «Педагогика ғылымдары» бағыттары бойынша – кемінде 75 балл;

* «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» – кемінде 70 балл;

* «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» – кемінде 60 балл;

* Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде – 65 балл,

* өзге жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде – 50 балл.

Әр пән бойынша шекті балл – 5 балл.

Сонымен қатар 2019 жылдан бері академиялық еркіндік шеңберінде ЖОО-лар ақылы негізде де, грант бойынша да оқуға қабылдау үшін ҰБТ-ның өз шекті балдарын белгілеуге құқылы.

Ұлттық тестілеу орталығы талапкерлерге ыңғайлы болу үшін еліміздің барлық жоғары оқу орнының шекті балдарын жыл сайын ортақ тізімде ұсынып отырады. Бұл мәліметті оқу орындарының веб-сайттарынан да көруге болады.

2023-2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізімі жақын уақытта жарияланатын болады.

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда жаңа мамандықтар пайда болады

03.05.2025

Испания үкіметі "Көкжиде" жерасты су орнын зерттеуге грант бөледі

23.04.2025

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

14.04.2025

Трамп адамның ақыл-есін тексеретін тестен өтті

12.04.2025

Қазақстан азаматтығын алуға арналған тестілеу мерзімі белгіленді

02.03.2025

Мемлекеттік емес БАҚ арасында гранттар конкурсы өтеді

08.01.2025
MalimBlocks
Қазақстанда жаңа мамандықтар пайда болады

Испания үкіметі "Көкжиде" жерасты су орнын зерттеуге грант бөледі

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

Трамп адамның ақыл-есін тексеретін тестен өтті

Қазақстан азаматтығын алуға арналған тестілеу мерзімі белгіленді

Мемлекеттік емес БАҚ арасында гранттар конкурсы өтеді

Байқау үш түрлі бағытта ұйымдастырылады