Төтенше жағдай кезінде несие төлемейсіз

Malim Админ

  • 17.03.2020

Коронавирусқа қатысты жарияланған 30 күндік төтенше жағдай кезінде банктер несие алушыларға жеңілдіктер жасайтын болады. Ең негізгісі – уақытында төлей алмаған жағдайда айыппұл төлемейді. Бұл жайында премьер-министр Асқар МӘМИН айтты деп хабарлайды Malim.kz.

Министр бұл жағдай бойынша банктерге мемлекет тарапынан бірнеше талап қойылатынын ескертті.

«Төтенше жағдай кезінде несиесін төлей алмаған қарыз алушыларға айыппұл есептелмейді. Банктер кәсіпкерлерге төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін жасауы керек. Отандық бизнес бірдей шарттармен қосымша қаржылық жүктемесіз қолданыстағы бағдарламалардың жеңілдікті қолдау шараларын пайдаланады», - деді ол Үкімет отырысында.

Үкімет отырысының негізгі тақырыбы – кәсіпкерлік пен отандық өндірісті қолдау шаралары. Мәмин бизнес өкілдерін қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаларға төтенше жағдайға байланысты жеңілдетілген шарттар енгізу туралы жобалар үш күн ішінде дайындалуы керек екенін айтты.

Төтенше жағдай кезінде қарыз кейінге шегерілсе өсімпұл есептелмейтіні жайлы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі де хабарлады. Хабарламада мұның Салық кодексінде жазылғаны айтылады.

«Алайда ондай жеңілдікті алу үшін кепілзат немесе банктік кепілдік қажет. Осыған орай төтенше жағдай кезінде салықтық міндеттемелер бойынша қарыз бен өсімпұлды кейінге шегеруді оңтайландыратын тетіктер қарастырылуда», дейді комитеттің баспасөз қызметі. 

Мәліметтерге қарағанда, ендігіде кешіктірілген несиенің 50 %-ы бір жыл ішінде төленсе, тұтынушының несиелік тарихы бұзылмайды. Сонымен қатар, бір ай уақыт ішінде азаматтар мен заңды тұлғаларға айыппұл салынбайды. Тәртіп бұзылған жағдайда әкімшілік айыппұлды төтенше жағдай уақыты аяқталған соң төлету қарастырылады.

Байланысты жаналықтар

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

07.05.2025

Шымкентте 5 тонна сіріңке өртеніп кетті

07.05.2025

Жайыққа батып кеткен 18 жастағы дзюдошы 4 күннен бері табылмай жатыр

07.05.2025

Елімізде адамдарға несие беруді қатаңдату ұсынылды

05.05.2025

Алаяқтар атыңыздан несие рәсімдеген жағдайда не істеу керек?

05.05.2025
MalimBlocks
Алматыда жер сілкінді

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд

Шымкентте 5 тонна сіріңке өртеніп кетті

Жайыққа батып кеткен 18 жастағы дзюдошы 4 күннен бері табылмай жатыр

Елімізде адамдарға несие беруді қатаңдату ұсынылды

Алаяқтар атыңыздан несие рәсімдеген жағдайда не істеу керек?

Өтініш міндетті түрде тіркелуі тиіс