Түркістан облысында 140-тан астам әкімді халық таңдады 

Соңғы жылдары елімізде ауқымды саяси реформалар жасалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен сайлау жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізілді. Халықтың мемлекеттік басқару ісіне араласуына жағдай жасалып, диалог күшейтілді.

Malim Админ

  • 29.11.2023

Бұл туралы Астанадағы есеп беру жиынында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өз баяндамасында тоқталып өтті. Өңірде сайлаулар ашық әрі сайлаушылар белсенділігі жоғары екенін жеткізді. 

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанды» құру бастамасымен елімізде тың бастамалар қолға алынып, экономикалық, саяси реформалар жүзеге асуда. Әділетті Қазақстанды құрудағы игі істерге барша қазақстандықтар белсене атсалысқанда ғана ортақ мүддеге қол жеткізе аламыз. Себебі, мемлекет тірегі де, басты байлығы да – халық. Еліміздегі саяси реформалардың аясында ауыл тұрғындары екі жылдан бері ауылдық округ әкімін таңдау мүмкіндігіне ие болды. Нәтижесінде Түркістан облысы бойынша 140 ауылдық округ әкімдері сайланды. Сонымен қатар биыл 4 аудан әкімінің сайлауы өтті. Қабылданып жатқан реформалардың барлығы – мемлекеттік басқарудағы шешім қабылдау процессіне азаматтардың қатысу мүмкіндігін арттырып отыр, – деді Дархан Сатыбалды. 

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында әкімдердің халықпен кездесулері жаңа форматта өтіп жатыр. Биыл барлық деңгейде жалпы 3 733 кездесу ұйымдастырылып, 6 578 мәселе көтерілген болатын. Облыс әкімімен 34 кездесу өтіп, 275 сұрақ қойылған. Ал аудан, қала, ауылдық округ әкімдерімен 3 699 кездесу өтіп, 6303 сұрақ, өтініш, мәселе айтылған. Оның ішінде, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, әлеуметтік мәселелер жиі көтерілуде. 

– Әрине, бұл сұрақтардың барлығы бюджеттен қомақты қаржыны талап етеді. Дегенмен, бюджеттің мүмкіншілігіне қарай, көтерілген мәселелердің басым көпшілігі өз шешімін тапты. Оған қажетті қаржы 45,8 млрд. теңге болса, оның ішінде 40,8 млрд. теңгесі бөлініп, мәселелердің 89,2% шешілген. Басты міндетіміз – тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту. Бұл жұмыстар өз жалғасын табатын болады, – деген өңір басшысы бұның бәрі Президенттің саяси реформалары нәтижесінде жүзеге асып жатқан жұмыстар екенін айтты. 

Айта кетейік, өткен жылы елімізде жалпыхалықтық рефререндум өткен болатын. Сол саяси науқаннан кейін Қазақстан жұртшылығы Ата Заңдағы өзгерістерді қолдады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекетіміз  дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ата заңымызға ұсынылған өзгерістерді  азаматтардың басым көпшілігі қолдады. Референдум жоғары деңгейде өтті. Мұны халықаралық және отандық байқаушылар да айтып жатыр. Конституциялық реформалар қоғамда қызу талқыланды. Дауыс беру барысы демократия талаптарына сай өтті. Ешқандай мәжбүрлік болған жоқ. Референдум нәтижесі саяси жаңғырудың анық символына айналды. Азаматтарымыз зор жауапкершілік танытты және отансүйгіштік қасиетін паш етті. Біз Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы бірлігіміз бекем екенін көрсеттік. Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертеді. Бүкіл қоғамның дамуына тың серпін береді. Референдумға белсене қатысып, қолдау білдірген барша халқымызға зор ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ, конституциялық өзгерістердің мән-маңызын түсіндіруге атсалысқан азаматтарға, түрлі қоғамдық ұйымдарға алғыс айтамын»,-деген болатын. 

Түркістандықтар референдумға өте белсенді қатысты. Қатысу көрсеткіші бойынша республикада топ бастады. 

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін