УЕФА Чемпиондар Лигасы аясындағы «Қайрат» – «Олимпиакос» матчының билеттері сатылымға шықты, деп хабарлайды Malim.kz.
Freedom Ticketon УЕФА Чемпиондар Лигасы аясында өтетін «Қайрат» – «Олимпиакос» матчының билеттері сатылымға шығарылғанын хабарлайды. Ойын 2025 жылдың 9 желтоқсанында «Астана Арена» стадионында өтеді.
Билетті сатып алу үшін пайдаланушы келесі деректерді көрсетуі қажет:
- ЖСН.
- мобильді телефон нөмірі.
- электрондық пошта мекенжайы.
Лимиттер:
- бір пайдаланушы 2 билеттен артық сатып ала алмайды.
- төлем тек бір банк картасы арқылы қабылданады.
Билетті алу тәртібі:
- SMS-хабарлама матч күні жіберіледі.
- Көрсетілген e-mail-ге QR-билет сілтемесі жолданады.
Билеттер келесі мобильді қосымшалар арқылы қолжетімді болады:
- Freedom SuperApp.
- Qairat SuperApp.
Билеттерді тек ресми сатылым сервистерінен сатып алыңыз. Үшінші тұлғалардан немесе күмәнді көздерден ұсынылатын билеттерден аулақ болыңыз.
Ресми емес көздерден алынған билеттер мынадай қауіптерге себеп болуы мүмкін:
- стадионға кіру мүмкіндігінен айырылу.
- жұмсалған қаражаттың қайтарылмауы.
- билеттің жарамсыз деп танылуы.
Ресми арналарды пайдалану билетіңіздің шынайылығын, сатып алудың қауіпсіздігін және матчқа кіруге толық кепілдікті қамтамасыз ететін жалғыз мүмкіндік.
Еске сала кетейік, бұған дейін Чемпиондар Лигасының 5-турында алматылық клуб сырт алаңда Дания чемпионы «Копенгагенмен» кездесіп, 3:2 есебімен жеңілген еді.