«Ұлттық кеңестен бір адамның шыққаны сенсация емес»

Олжас Қасым

  • 20.02.2020

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ көмекшісі, ҰҚСК-нің  хатшысы Ерлан ҚАРИН соңғы кездері сынға ілігіп жатқан кеңестің жұмысына қатысты пікір білдірді.

Оған себеп ҰҚСК-нен Бақытжан БҰҚАРБАЙДЫҢ шығуы болса керек. Сондай-ақ, қоғам қайраткері Арман ШОРАЕВ «егер митинг туралы заң жобасы осы күйінде қабылданатын болса, онда мүшеліктен шығамын» деп мәлімдеген еді.

«Ұлттық кеңес – саяси ұйым емес. Партия иә болмаса қозғалыс емес, консультативті орган. Бұл жерде мүшелерге қатысты бір қатаң жарғы жоқ. Сондықтан да Ұлттық кеңестен біреу шықты екен деп сенсация жасаудың қажеті жоқ», - деп жазды Ерлан Қарин Facebook парақшасында. 

Сонымен қатар, Қарин мырза Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысы жаңа кезеңге шыққанын айтады. Арзан хайпқа ұмтылмай, тер төгіп жұмыс жасау керек деді.

Бұған дейін Facebook желісінде Бақытжан Бұқарбай кеңестен шығатынын айтып, видео үндеу жариялаған-ды.

«Өкінішке қарай, министр Абаевтың ведмоствосы әзірлеген «Бейбіт жиындар туралы» заң жобасы президенттің тапсырмасына сай болмай шықты және ол азаматтардың мүддесіне қайшы. Бұған дейін саяси тұтқындардың әлі күнге дейін босамағанын да айта кеткен жөн. Жанболат МАМАЙҒА партия құруда тосқауылдар жасалып жатқанын көріп жүрмін. Халықтың мүддесіне қайшы әрекеттер мен пиғылдарды заңдастыруға араласқым келмейді», - деген Бақытжан БҰҚАРБАЙ.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі 2019 жылы 17- шілде күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ бастамасымен құрылған болатын. Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫНЫҢ өзі төрағалық ететін кеңестің негізгі міндеттері мемлекеттік бағдарламалар мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қоғамдық сараптама жүргізу; қоғам (саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар)  мен мемлекеттік мекемелер арасында диолог орнату; өзінің құзыреті аясында Қазақстан заңнамасына қайшы келмейтін өзге де жұмыстарды атқару.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төрағасы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ келесі аптада кеңес мүшелерімен кездесуі жоспарланған. 

Фото: ult.kz

Байланысты жаналықтар

Президенттікке 6 жыл: Тоқаевтың саяси бастамалары мен реформаларынан не күтеміз

20.03.2025

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Ерлан Қарин Өзбекстан президентінің көмекшісі Саида Мирзиёевамен кездесті

18.03.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Дипломатия институтының директоры Алексей Волковты қабылдады

17.03.2025

78 жаста қайдағы "Болашақ"?: Тоқаев оқу бағдарламасын сынға алды

15.03.2025

Тоқаев Бюджет кодексіне қол қойды

15.03.2025
MalimBlocks
Президенттікке 6 жыл: Тоқаевтың саяси бастамалары мен реформаларынан не күтеміз

Мемлекет басшысының осы жылдар ішінде елімізді оң өзгерістерге бастайтын: атқарушы билікке берілген тапсырмалары, бастамалары, ұсыныстары көптің көкейінен шығып жатқаны анық

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Ерлан Қарин Өзбекстан президентінің көмекшісі Саида Мирзиёевамен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Дипломатия институтының директоры Алексей Волковты қабылдады

Ұйымның Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан секілді алты құрылтайшысы бар

78 жаста қайдағы "Болашақ"?: Тоқаев оқу бағдарламасын сынға алды

Тоқаев Бюджет кодексіне қол қойды